Category:
Bio
Әблікім Ақмоллаев
Year
1965
Place of birth
Алматы

1987 — «Жасыл Үшбұрыш» андерграунд тобының (Алматыдағы алғашқы бейресми көрмелерінің бірі) баламалы бағыттағы көрмелердің қатысушысы әрі ұйымдастырушысы.

1989 — АНДЕРГРАУНД, «Жасыл Үшбұрыш» тәуелсіз суретшілер көрмесі, Геология мұражайы (Алматы).

Кітап мұражайында «Ж.Ү.» көрмесі (Алматы).
«Бұрылыстар» көрмесі, Көркемөнер көрмелері дирекциясы (Алматы).
«Жаңа жабайылардың қалдықтары» көрмесі, Охтадағы көрме залы, Санкт-Петербург.

 

1990 — Алма-Ата. жұмысшылар кентінде өткен «Жанып тұрған кескіндеме» акциясы (барлық еңбектерін және виолончелін өртеген; бұл оқиға И. Полуяхтовтың «Абревиат-Ура» фильмінде тіркелген), Алматы.

1991 — «Ж.Ү.» көрмесі, Сәулетшілер одағы (Алматы).
«Ж.Ү.» көрмесі, «Рухани» рок-клубы (Алматы).
Джон Леннонның туған күнінде кафедралдық собор алаңында өткен акция, «Ж.Ү.» (Алматы).
«Ж.Ү.» көрмесі, Кино үйі (Алматы).

1992 — «Махаббат» ЖШС-нің қаржылай қолдауымен өткен «Картиналардың теріс жағы», «Ж.Ү.» көрмесі, Суретшілер одағының көрме залы.

1993 — «Жігер» республикалық жастар көрмесі, Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы (Алматы).

1999 — «Төрттер тобы» көрмесі аясында өткен «Құрбандық» акциясы, «АРК» галереясы, Галереялар парады.
Дюк Эллингтонның 100 жылдығына арналған алғашқы джаз фестивалі аясындағы «Бибоп стиліндегі суретшілер мен олардың диссонансты кескіндемесі», Студенттер сарайы, Алматы.

2000 — «Үшбұрышты уақыт», «Ұлар» галереясы, Алматы.
1 сәуір көрмесі, Бішкек.

2001 — «Күн» арт-жобасы: ұйғыр суретшілерінің симпозиумы мен көрмесі, Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі.
Топтық көрме, «Шежіре» галереясы, «Интерконтиненталь» қонақүйі, Астана.

2009ALLIMINIUM, заманауи өнер биенналесі, Баку.

2014 — «Бірігу», «Ж.Ү.» тобының 25 жылдығына арналған көрме, «Белый рояль» галереясы.

2015 — «Еуразия», Қазақстанның заманауи өнер көрмесі, «Эрарта» мұражайы, Санкт-Петербург.

2018 — «Тамыз / Август» көрмесі, TSE галереясы, Астана.
«Сөз энергиясы» инсталляциясы, Astana Art Fest.
Инсталляция «Энергия слова», Astana Art Fest.

Әблікім: «Мен былай ойлаймын: егер ойлай білетін, шығармашылық адамының айтары болса — оның қолында не бар екені маңызды емес: қылқалам мен бояу, сөз, камера не барабан, қағаз қиындысы не кенеп, тұманданып тұрған әйнек не көл жағасындағы құм болсын — бәрібір.
Жан тереңінен шыққан белгі кенеттен сыртқа шығуға ұмтылады да, өз пішінін табады.
Шеберлік — сол сәтті жоғалтпай ұстай білуде. Өйткені айналамыздағының бәрі — Жаратқанның кереметі!»

ZitAbl-дың жеке және бірлескен көрмелері

2000 — «Күн мен түн сияқты», «Трибуна» галереясы.
2002 — «Құдайлар мен қуыршақтар», «АРК» галереясы.
2007 — «Уақыт конвейеріндегі жұмырбастылар», «Тәңрі-Ұмай» галереясы.
2014 — «Ақыр-Заман», «Белый рояль» галереясы.
2018 — «Жек көруден сүйіспеншілікке дейін…», Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік бейнелеу өнері музейі, Орталық көрме залы (ZitAbl & Aura)

 

МАРАПАТТАР

1989
– «Жасыл Үшбұрыш» тобының мүшелеріне өнердегі дәстүрден тыс ізденістері үшін берілген диплом (Әблікім Ақмоллаев).
– Санкт-Петербург қаласындағы «Мастер-класс»  IX Халықаралық өнер фестивалі дипломанттары (ZITABL).

2000
– СЗӨО ұйымдастырған «Коммуникациялар. Өзара әрекет тәжірибелері» атты жылдық ІІ көрме қорытындысы бойынша Халықаралық қазылар алқасының І дәрежелі сыйлығы, Алматы (ZITABL).

2001
– «Кедейшілікке қарсы өнер» атты деректі фильмдер байқауында ІІ орын (номинация: әлеуметтік ролик), «Медиа-айтыс» жобасы (ZITABL).

2005
– Бішкектегі 1 сәуірлік «Тік тұрған шұлықтар» атты конкурс-көрмесінде І орын (ZITABL).

2007
– «Қазақстан — менің тағдырым» очерк байқауында ІІІ орын.

2015
– «Қазақстанның заманауи өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша халықаралық «Алтын асық» сыйлығы.

Мәтін авторы - Зитта Сұлтанбаева.

Суретті ұсынған — Әблікім Ақмоллаев.