
Қазақстандағы заманауи фотограф, суретші, Ресей Фотосуретшілер одағының мүшесі (1994 жылдан). Жұмыстары арасында фотография, видео, перформанс және инсталляция бар.
А. Мальгаждаровтың тәжірибесіндегі негізгі тәсілдер: фотофиксация, заттылық, фрагменттілік, қайта ойнату.
Негізгі тақырыптары: жады, заттар әлемі, симулякр, жеке өмір, цифрлық технологиялар.
А. Мальгаждаров Кемер мемлекеттік мәдениет институтында (Кино, фото және видео шеберлік мамандығы, 1992–1997) оқыған. Сорос қоры заманауи өнер орталығының «Инвентаризация» атты видео-арт фестивалінде халықаралық қазылар алқасының үшінші орын сыйлығымен марапатталған (Алматы, 2002). Қазіргі уақытта Мәскеуде тұрады және жұмыс істейді.
Суретші зат пен оның визуал репродукциясы арасындағы шекара мәселесін көрсетеді. Өнер туындысының символдық құндылығын шынайы өмірдің көрінісі ретінде түсіндіреді, және осы идеяны кір жуу және дымқыл шүберектерді жіпке жаю арқылы көрсетеді («Шүберектер», 1999). А. Мальгаждаров заттар әлемін бақылауын жалғастырып, шынайы өмір мен цифрлық кеңістіктің ара қатынасы туралы толғанады, адамның немесе табиғаттың қазіргі күнмен және компьютер әлемімен өзара байланысы туралы ой толғайды (Светлана Сосновская және Никита Виньярмен бірге, «Күннен түскен дақ», 2000). Оның фотосуреттерінде күнделікті тіршілік пен ондағы адамды қоршаған архитектура (“Black Man in Blue Town”, 2014) мен табиғат (“Bassa Marea”, 2014) байланысы да көрініс табады.
А. Мальгаждаровтың көркем жұмыстары Қазақстанда және шетелде қойылды: «АССОФОТО» (Берлин, 1986), «Тепе-теңдік» («Блюз-кафе» арт клубы, Қарағанды, 1997), Сорос қоры заманауи өнер орталығының «Өзіңді тану: Болашаққа болжам» атты жыл сайынғы көрмесі («Москва» дүкені, Алматы, 1998), «Галереялар парады» (ҚР Ә. Қастеев атындағы МӨМ, Алматы, 1999), «Жабық қала» фестивалі (Ереван, 1999), «Евразия аймағы» («Манеж» көрме залы, Мәскеу, 1999), “4000 km or Do You really Need It?” (Ланжелуа, Австрия, 2001), “Off the Silk Road: No Mad’s Land” (Haus der Kulturen der Welt, Берлин, 2002), “Re-orientation” (ACC галереясы, Веймар, 2002), «Trans-forma» («Center for Contemporary Art», Женева, 2002), “Tamerlane Syndrome: Art and Conflicts in Central Asia” (Palazzo dei Sette, Орвието, 2005).
А. Мальгаждаров туралы ақпарат «Documentation» жобасының коллекциясында — Алматыдағы Сорос қорының заманауи өнер орталығында сақтаулы.
Фотография со страницы Александра Мальгаждарова в Facebook
https://www.facebook.com/malgazhdarov/