Category:
Bio
Александр Угай
Year
1978
Place of birth
Қызылорда, Қазақстан

Шығу тегі – корей, қазақстандық заманауи суретші. Жұмыстары арасында фотосуреттер, видео-арт, инсталляциялар, графика бар.

А. Угай тәжірибесіндегі негізгі тәсілдер: коллаж, деконструкция, мұрағаттау, метафора, визуал цитата, отбасылық этнография.

Негізгі тақырыптар: жады, жарақат, болмыс, көші-қон, заманауи мифология, көшпелі (номадтық) модернизм.

А. Угай Қырғыз мемлекеттік университетінде (Құқық факультеті, Бішкек, 1998–2002) және Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында (өнер магистрі, Алматы, 2013–2015) оқыған. Суретші 1990-жылдары Роман Маскалевпен бірге «Бронепоезд» арт тобын құрып, 8 мм және 16 мм таспада қысқа метрлі видеолар түрінде «кинонысандар» жасаған.

А. Угай жұмыстарында замандастарының туындыларына сілтеме жасайды: мысалы, Рустам Хальфиннің «пулота» идеясын дамытып, Республика алаңында мүсін түрінде ұсынды және оны сол жердің естелігіне айналдырды («Пулота (Обскуратон №5)», 2017). А. Угай мұрағаттың жиынтық образын («Больше, чем мечты, меньше, чем вещи», 2014) немесе жеке фотосуреттер, құжаттар мен өз отбасының тарихын («География памяти», 2002 – 2018) пайдалана отырып, инсталляцияларында жады мен ұлттық болмыстың арасындағы байланыс туралы сипаттайды. Суретші өткен тарихтың жадысын жаңа контексте зерттеуге тырысады. 8 мм таспаға түсірілген Үшінші Интернационалға қойылған утопиялық ескерткіш пен и 3D-рендерді біріктіреді («Бастион», 2007). Немесе Алматы тұрғындарының қаланы қалай көретінін бір реттік таспасы бар фотоаппаратпен мұрағаттап, оны болат «уақыт капсуласына» салады («12 секунд», 2021).

А. Угайдың көркемсурет жұмыстары Қазақстанда, Оңтүстік Кореяда және шетелде қойылған: 9-шы Стамбұл биенналесі (2005, Стамбұл), 52-ші Венеция биенналесі (2007, Венеция), “Younger Than Jesus” («New Museum», Нью‑Йорк, 2009), “Promises of the Past” (Centre Pompidou, Париж, 2010), «Project 35 Volume 2», «The Last Act. Garage Museum of Contemporary Art», Moscow, Russia (2016), Пусан биенналесі (Пусан, 2022), Монральдағы өнер туралы фильмдердің халықаралық фестивалі (Монреаль, 2025).

А. Угайдың жұмыстары мен ол туралы ақпарат «Documentation» жобасының коллекциясында — «Целинный» мұрағатында («12 секунд», 2021) және Алматыдағы Сорос қорының заманауи өнер орталығында сақтаулы.

Сурет Aspan Gallery сайтынан алынған