
Қазақстанның заманауи суретшісі, «Пигмалион» әдеби-көркем газетінің кураторы және шығарушы редакторы(1997–2001). Шығармашылығында фотография, видео-арт және инсталляция жанрлары бар.
А.Гириктің жұмысындағы негізгі тәсілдер: сюрреализм, метафора, күнделікті өмірді көрсету.
Негізгі тақырыптары: дене, әйел субъектілігі, феминизм, күнделікті тіршілік, дәстүр, қалалық кеңістік.
А. Гирик Рудный индустрия университетінде (РИУ; Өндіріс процесін автоматтандыру факультеті, 1982–1987). 1990-жылдардан бастап фото және видео-арт жасаумен, көрмелерге куратор болумен айналысты.
А. Гирик шығармашылығында әйел бейнесі мен субъектілігін зерттейді. Сондай-ақ, «ккінші табиғат» ұғымын талдап, дененіадам қолымен жасалған, бірақ табиғатпен байланысын жоғалтпаған жоба ретінде қарастырады («Biotech», 2006). Сюрреалистік образдар тұлғасызжәне жалпылама сипатта беріліп, дене қайта қуаттау мен әлеуметтік әрекетті талап ететін нысан ретінде ұсынылады. Бұл идеяларды А. Гирик феминистік және гендерлік контексте қарастырады: ол әйел «нәзіктігін», оның беліглерін (мысалы, бұрымын), әйелге жүктелетін қоғамдағы рөлдің әлеуметтік маңызы мен жауапкершілік деңгейін зерттейді (Шығыс әйелі», (Петля), 2006). Суретші қоғамда орныққан патриархал дәстүрге де назар аударып, мысалы, үйлену рәсімін қайта құрылымдап, оған көркем ишара есебінде қарайды (Оксана Шаталовамен бірге, «Жұбайлар биі», 2006).
А. Гириктің жұмыстары Қазақстанда және шетелде көрсетілді, оның ішінде: «Видео сәйкестендіру: Орталық Азияның киелі жерлері» (Алматы, 2004), “Capturing Utopia” («Fournos Centre for Digital Culture», Афины, 2005), «Кейіпкер көлеңкесінде» атты ІІ Бішкек заманауи өнер көрмесі («ArtEast», Бішкек, 2005), 2-ші халықаралық фотография биенналесі (Брешиа, 2006), заманауи фильм және видео фестивалі («SWGC Art Gallery's», Корнер-Брук, 2006), “Portrait – Show for Wifleem – Show for the world” («Casoria Contemporary Art Museum», Неаполь; «Museo de Arte Contemporaneo», Санта-Фе, 2006).
А. Гириктің бірқатар мақаласы да жарияланған: «Культура и СМИ: проблемы взаимодействия («Робкая жажда рая: Апология одной утопии», О. Шаталовамен бірге, Алматы, 2000), «Кунсткамера» арнайы шығарылымы («Организация» журналы, №4, Алматы, 2003), «Кейіпкер көлеңкесінде» атты ІІ Бішкек заманауи өнер көрмесінің каталогы («Новые Номады», Бішкек, 2005).
А. Гирик туралы ақпарат «Documentation» жобасының коллекциясында — Алматыдағы Сорос қорының заманауи өнер орталығында сақтаулы.
Сурет Ariadna.media сайтынан алынған