Category:
Bio
Әнуар Мүсірепов
Year
1994
Place of birth
Алматы, Қазақстан

Қазақстандық заманауи суретші және куратор. Жаңа медиа, бейнеинсталляциялар, перформанстар және бейнеэсселермен жұмыс істейді. Ә. Мүсірепов тәжірибесіндегі негізгі әдістер: деконструкция, символизм, ирония, абсурд және сюрреализм. Басты тақырыптары: Qazaq Futurism, киберкеңістік және мәдени сәйкестік.

Оның алғашқы көркемдік жобасы 2015 жылы Алматыда өткен «Біз — өзенбіз» (“Artbat Fest”) көрмесінде ұсынылған. Видео, нысан және фотосуреттер сериясынан құралған мокьюментари-инсталляциясы сыншы Анна Толстованың мақаласында ерекше аталып өтті. Осыдан кейін А. Мүсірепов Родченко атындағы Фотография және мультимедиа мектебін («Медиа және технологиялық өнер» шеберханасы, 2015–2018) тәмамдады және қазір Венадағы Көркемөнер академиясында («Уақытқа негізделген өнер», 2019–2026) білім алуда.

Ориентализм мен экзотизацияны сынға алу идеясы А. Мүсіреповтің “Jigitovka” атты 3D бейнеинсталляциясында көрініс тапқан (көрме «Ішкі жады — жеткіліксіз кеңістік пе?», «Гараж» заманауи өнер музейі, 2017). Цифрлық интерфейстердің аурасын зерттеген “Namaz Maker” интерактивті бейнеинсталляциясы «Datasets vs. Mindsets. Посткеңестік кеңістіктегі цифрлық қоғам зерттеулері» бағдарламасы аясында көрсетілді (“Ars Electronica” — Мәскеу, 2020). Суретші сондай-ақ мемлекеттік нарративтердегі мифтердің саясилануын зерттейді — «Байланыс» (2016), “Golden Woman” (Racing the Galaxy, Астана, 2019) — және постинтернет өнер тілін дамытады, соның ішінде “REAL DEAL” жобасында (Aspan Gallery, Алматы, 2019).

Куратор ретінде Ә. Мүсірепов жас суретшілерге арналған білім беру бағдарламалары мен арт-резиденцияларды ұйымдастыруға назар аударады:  “Ghost Expedition” (Маңғыстау, Алматы, Астана, 2018), “First Contact” (Астана, 2019), «Терең ағындар» (Афиссос, Греция, 2019), “Re-practice” (жаңа медиа зертханасы, «Целинный» заманауи мәдениет орталығы, Алматы, 2023), “Jeruiyq Art Residency” (Венеция — Астана, 2025).

2023 жылы А. Мүсірепов “Korkut” атты алғашқы дыбыстық өнер триенналесінің (Целинный заманауи мәдениет орталығы, Алматы) тұжырымдамасын әзірледі және Гонконгта өткен “Asar: Central Asian Art Conference” конференциясының бірлескен кураторы болды (MILL6/CHAT).  Бұл конференция Орталық Азиядағы өнердің өзін-өзі ұйымдастыру тәжірибелеріне арналды.  2024 жылы ол 60-шы Венеция биенналесіндегі Қазақстан павильонының бірлескен кураторы болды, сондай-ақ “Horizon” атты заманауи өнерге арналған онлайн-антологияның бірінші және екінші шығарылымдарының редакторы болды (Целинный заманауи мәдениет орталығы, 2021; 2023).

Ә. Мүсіреповтің жұмыстары Қазақстанда және шетелдегі түрлі алаңдар мен фестивальдерде көрсетілді:  “Amateurinnen” (Filmmuseum Wien, Вена, 2021), “European Media Art Festival” (Оснабрюк, 2022), “Performance Festival PPL” (Galeria Labirynt, Люблин, 2017), «Шектеулі жауапкершілік павильоны» (57-ші Венеция биенналесі, 2017), «Еуразиялық утопия: постскриптум» (Suwon I’Park Museum of Art, Сувон, 2018), 60-шы Венеция биенналесі (Венеция, 2024).

Суретті ұсынған — Әнуар Мүсірепов