Category:
Bio
Асхат Ахмедьяров
Year
1965
Place of birth
Александрово ГАИ ауылы, Орал облысы, Ресей

Заманауи қазақстандық өнерпаз. Оның туындылары: кескіндеме, графика, видео-арт, фотосурет, инсталляция және перформанстан тұрады. Оның шығармашылығындағы негізгі әдістер: ирония және семиотика. Негізгі идеялар: отарсыздық, жарақат және жад тақырыбы, көшпенділік пен экология, билік. 

А.Ахмедьяров Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінде (Шымкент, 1986-1989) оқыған. Оның ұстаздары «Қызыл Трактор» (1995 жылға дейін – «СаА тобы», «Шымкент – Трансавангард», «Си құрылымдық мектебі») арт-тобының мүшелері  – заманауи өнерпаздар Виталий Симаков пен Молдақұл Нарымбетов болған. Оқуды бітіргеннен кейін А.Ахмедьяров топтың қызметіне қосылып, 2000 жылдары Астанаға көшіп, дербес суретші ретінде жұмыс істей бастады.

А.Ахмедьяров өз тәжірибесінде дәстүрлі («Шай» және «Ет», 2016) әрі көшпелі мәдениеттің («Кедейлердің байлығы», 2016) элементтерін зерттеп, оларды заманауи контекске қалыптайды. Посттравма тақырыбы оның «Егер дерт жанып кетсе» (2018) перформансында, ал  тарихи жад пен жадты отарсыздандыру тақырыбы «Ғасыр» (2022) инсталляциясында үн қатады. А.Ахмедьяров адам мен тұрмыстық заттар арасындағы қарым-қатынасты зерттейді («Көшпенді», 2012) және қазіргі қоғамның жағдайын перформанс арқылы зерттейді («Диктатор», 2013; Қанды Қаңтар құрбандарына арналған перформанс, 2024). 

А.Ахмедьяровтың жұмыстары Off the Silk Road: No Mad's Land: Contemporary Art from Central Asia (Haus der Kulturen der Welt, Германия, 2002), Lost to the Future: Contemporary Art from Central Asia (ICA Singapore, Сингапур, 2013), Protagonists. The Invisible Pavilion of Kazakhstan (56-шы Венеция биенналесі, Венеция, 2015), «Жекеше көпше» (Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі, Қазақстан, 2016), Clouds, Power and Ornament – Roving Central Asia (C.H.A.T. Centre for Heritage, Arts and Textile, Гонконг, 2023), In Dialogue with Fire (M HKA, Бельгия, 2023) сынды көрмелерде көрсетілді. 

А.Ахмедьяров пен оның жұмыстары туралы ақпарат «Целинный» заманауи мәдениет орталығы мен M HKA заманауи өнер музейі әзірлеген Şağylys коллекциясы («Күзгі тазалық», 2012), Целинный мұрағатында бар  («Қанды Қаңтар» сериясы: «Тұман», «Өзгерістер сәулеті», «Түстер қалдығы», 2022), Сорос-Алматы қоры Заманауи өнер орталығы (СЦСИ) мұрағаты —  «Documentation» жобасы коллекциясында сақталған.

Суретті ұсынған — Асхат Ахмедьяров