Category:
Bio
Оксана Шаталова (Оксана Оберемко)
Year
1972
Place of birth
Рудный, Қазақстан

Заманауи қазақстандық өнерпаз, фотограф, видеограф, сыншы, куратор, сондай-ақ «Пигмалион» (1996-2001 жылдар) журналының негізін қалаушы және  Бішкекте Теория және активизм мектебінің (ШТАБ) (2012-2018 жылдар, Георгий Мамедовпен бірге) көркемдік директоры болған. Оның шығармалары – видео, фотосуреттер, инсталляциялар және жарияланымдар. Шығармашылық тәжірибесіндегі негізгі әдістер: символизм, аллегория, метафора, ойын және абсурд. Негізгі тақырыптары: жад, посткеңестік кеңістік, гендер, мифология, денелік және феминизм.

О.Шаталова Рудный индустриалды университетінде білім алған (Рудный, 1990-1993 жылдар) және (Психология магистратурасы, 2015-2023 жылдар). 1998-2006 жылдар аралығында ол Сорос-Алматы қоры ұйымдастырған семинарлар мен шеберлік сыныптарына қатысты. Сонымен қатар, ол ArtsLink International Fellowships халықаралық резиденцияларына қатысты: US Residency (2008) және Back Apartment Residencies (2015). Өнердегі гендерлік теңсіздік мәселесін ашып көрсеткені үшін Prince Claus (2015) сыйлығын иеленді.

О.Шаталова 2004 жылдан бастап көркемдік тәжірибесін дамыта бастады. Ол қызыл түстің символикасымен ойнай отырып, феминизм мен әйел бейнесін кеңестік символика арқылы зерттейді («Red Flag» видеосы мен фото-сериясы, 2008). Бұл тақырыпты ол «қызғаныш», «қанағатсыздық», «айлакерлік» ұғымдары арқылы ашады («Warning! Women» видеосы, 2005), сондай-ақ Клеопатра ваннасына шомылу рәсімі арқылы алуға болатын мәңгі жастық туралы мифологиялық түсінікті зерттейді («SPA Mummification» видеосы мен фото-сериясы, 2009). О.Шаталова кейбір жұмыстарында қол еңбегінің романтизациясын, оның абсурдтылығын көрсету және сынға алу мақсатын көздейтін гиперболаны қолданады («The Romantics», 2015).

О.Шаталова STIILS-Enthusiasm жобасында «To be or not to be» көрмесінде («Колдо арт» галереясы, Бішкек, 2010), 54-ші Венеция биенналесіндегі Орталық Азия павильонында (Венеция, 2011) және «ВСЕЯ – ОРТАҚТЫҚ ТОЛҚЫНЫ. 70-ЖЫЛДАРДАҒЫ ФРУНЗЕДЕГІ КОЛЛОНТАЙ АТЫНДАҒЫ КОММУНА» атты көрмеде («Люда» галереясы, Бішкек, 2015) кураторлардың бірі болды.

О.Шаталованың көркемдік жұмыстары: «Videoidentity: Орталық Азияның киелі орындары» (Неміс театры, Алматы, 2004), VAD фестивалі (Casa de Cultura, Жирона, 2005), 10-шы “Freewaves” медиа-арт биенналесі (Лос-Анджелес, 2006), “Cologne Online Film Festival” (онлайн, 2006), 2-ші Мәскеу биенналесі (Мәскеу, 2007), “Non-Eroticism” (Заманауи өнері орталығы, Алматы, 2007), “Intervals And Borders” (Athens Center for Film and Video, Огайо университеті, Огайо штаты, АҚШ, 2008), сондай-ақ 53-ші Венеция биенналесі (Венеция, 2009) сынды қазақстандық және шетелдік жобаларға қатысты.

О.Шаталова туралы ақпарат Сорос-Алматы қоры Заманауи өнер орталығы (СЦСИ) мұрағаты —  «Documentation» жобасы коллекциясында сақталған.

Суретті ұсынған — Оксана Шаталова