
Қазақстандық заманауи суретші. Жұмыстары арасында коллаждар, видео-инсталляциялар бар.
П. Овчинников шығармашылығындағы негізгі тәсілдер: сарказм, абсурд, символизм, гиперболизация.
Негізгі идеялар: жады, болмыс, тұтынушы қоғам.
П. Овчинников әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде (Филология факультеті, 1993–1997) оқыған.
Оның шығармашылық тәжірибесі бұқаралық мәдениет пен тұтынушы қоғамды сынауға бағытталған. П. Овчинников жұмыстарын журналдағы мақала үзініділері, жарнама тақырыптары мен қаптамалардың бөлшегінен құрастырады. Қазіргі қоғамның сыртқы игіліктерге тәуелділігін көрсететін коллаждарында заттар этикетка орнына биркасымен ілінген күйде бейнеледі («Тұтыну қуанышы» көрмесі, 2014). Журналдардың қиылып, бірінің үстіне бірі жапсырылған кесінді ортасында кішкентай ғана Қазақстанның туы бейнеленген ақ картон қоғамдағы мағыналық контрастты айшықтайды («Атауы жоқ», «Дурные шутки» көрмесі, 2018).
П. Овчинниковтің көркемсуреттері Қазақстандағы бірқатар жобаларда қойылды: «Инвентаризация» (Неміс театры, Алматы, 2002), «Мультимәдени ортада макулатураны пайдалану» (Сорос қорының заманауи өнер орталығы, Алматы, 2003), «D-Generation» («Ұлар» галереясы, 2003), «Шай-Зияны еске алу» («Ұлар» галереясы, 2003), «Рок‑н‑роллмен қоштасу» (Сорос қорының заманауи өнер орталығы, Алматы, 2005), «Еуропаны ұрлау» («Тенгри-Умай» галереясы, Алматы, 2013), «3P» («Nedelka Project», Алматы, 2013), «Тұтыну қуанышы» («B2A Project», Алматы, 2014), «Дурные шутки» («ARTMEKEN» галереясы, Алматы, 2018–2019).
П. Овчинников туралы ақпарат «Documentation» жобасының коллекциясында — Алматыдағы Сорос қорының заманауи өнер орталығында сақтаулы.
Суретті ұсынған — Павел Овчинников