Category:
Bio
Роман Арефьев
Year
1973
Place of birth
Алматы, Қазақстан

Заманауи қазақстандық өнерпаз және куратор, СЦСИ сайты (қазіргі таңда ariadna.media-да жарияланған) дизайны авторларының бірі. Оның туындылары видеоарт, медиаарт және инсталляцияны қамтиды. Р.Арефьев шығармашылығындағы негізгі әдістер: бақылау, партисипаторлық, эксперимент. Негізгі идеялары: коммуникация, өзара байланыс, уақытты қабылдау.

Р.Арефьев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алған (математика факультеті, 1990-1995 жылдар). Сонымен қатар, ол Сорос қоры Алматыдағы Заманауи өнер орталығы (СЦСИ) ұйымдастырған жаңа медиа зертханалары мен топтық жобаларға қатысқан. 2000 жылы ол алғашқы өнер жүлдесін иеленді (топтық жоба, СЦСИ «Коммуникациялар: өзара байланыс тәжірибелері» Екінші жылдық көрмесі Екінші халықаралық әділқазылар жүлдесі, Алматы).

Өз тәжірибесінде Р.Арефьев заманауи өнерді талдайды. Ол әдеттегі редимейд (ready-made) формасын өзекті контекстке бейімдеп («Дюшан-2004», 2004) көрсетеді. Өз әріптестерінің туындыларына бақылаушы позициясынан қарап, өнер туындыларын «сирек заттар кабинетіне» айналдырады (Вероника Никоновамен бірге «Қазақстан өнері тарихы», 2003). Өнерпаз сырт көзқарасты көбейтіп, бір сәтте бірнеше көзқарасты бейімдеуге тырысады әрі айна жүйесін қолданады («Баяу айна», Виктор Васильев, Евгения Филатова, Вячеслав Качановпен бірге, 2004).

Р.Арефьев «Рух тойы» (СЦСИ, Алматы, 2001), «Ленин атындағы кеңестік интернет» (СЦСИ, Алматы, 2001), «D-Generation» (СЦСИ және «Ұлар» галереясы, Алматы, 2003), «Кунсткамера» (СЦСИ, Алматы, 2003), «C14-5B18/7M» (СЦСИ, Алматы, 2004), «AntipartyЯ» (СЦСИ, Алматы, 2004) сынды жобаларда кураторлық еткен. Ал оның өнер туындылары Қазақстан мен шетелде көрсетілген: «Сұлулық сызығы» («Азия Арт+» қоғамдық қоры, Алматы, 1999), «Коммуникациялар: өзара байланыс тәжірибелері» СЦСИ екінші жылдық көрмесі («Атакент» көрмелер кешені, Алматы, 2000), «Art Against Poverty» (ЦВЗ, Алматы, 2002), «Trans-forma» (ЦСИ, Женева, 2002), «Орталық Азия заманауи өнері саяси стратегия ретінде» (CANAIA галереясы, Мехико-сити, 2004).

Р.Арефьев туралы ақпарат Сорос-Алматы қоры Заманауи өнер орталығы (СЦСИ) мұрағаты— «Documentation» жобасы коллекциясында сақталған.

Суретті ұсынған — Роман Арефьев