
Қазақстандағы заманауи ақын, әнші, медиа-суретші және «Аполлинарий» әдеби-көркем журналының авторы.
Шығармашылығында видео‐арт, экспериментал музыка, перформанс бар.
Жұмысындағы негізгі тәсілдер: анализ, бақылау, декламация.
Негізгі идеялары: тұтынушы қоғамды сынау, әлеуметтік мәселелер, түпсана, қиял, жады.
Мәскеу телевидение және радиохабар тарату институтында білім алған, «Мусагет» ҚҚ шеберлік сабағынан өтті (2000). «Sample Brothers» электронды музыка дуэтінің мүшесі («Pop's Machine», Константин Тимошенкомен бірге).
Т. Исалиев өз шығармашылығында ішкі әлемнің киелі тұстарына сапар шегу арқылы адамның қиялы мен түпсананың шекарасын зерттейді («Кальян тартушы», 2004). Аудио жұмыстарын жасау кезінде өзінің дауысын эмбиент дыбысталумен медитация жағдайына жетелейтін дыбыс бедері ретінде қолданады (“No Expiration”, 2020). «Желтые собаки» әндер циклінде (2004) кеңестік шлягерге ирониямен қарап, оны поп-мәдениет пен концептуал декламация эементіне айналдырады. ZitAbl арт тобының видеожұмыстарын түсіру кезінде Т. Исалиев мүлдем қарама-қайшы рөлді ойнайды («Медиа-айтыс», 2002), мұнда ол «супермаркеттер мен банктерге баратын ауқатты жан», «денди-аристократ» — Алматы байлығының аллегориясы рөлін сомдайды.
Т. Исалиевтің авторлық жұмыстары немесе оның қатысуымен жасалған жұмыстар Қазақстанда және шетелде қойылды: Алматыдағы Сорос қоры заманауи өнер орталығының Екінші жылдық көрмесінің CD презентациясы (Кино үйі, Алматы, 2001), «D generation» («Ұлар» галереясы, Алматы, 2003), «Videoidentity: Орталық Азияның киелі жерлері» (Сорос қорының заманауи өнер орталығы, Алматы, 2004), «Поэтическое обострение» әдеби-музыкалық шоуы («Da Freak», Алматы, 2008).
Т. Исалиев туралы ақпарат «Documentation» жобасының коллекциясында — Алматыдағы Сорос қорының заманауи өнер орталығында сақтаулы.
Суретті ұсынған — Тимур Исалиев