
Заманауи қазақстандық өнерпаз, режиссер, сценарист, аниматор, дизайнер және 2015 жылдан бері «Сахновский парк» анимациялық студиясының негізін қалаушы. Оның шығармашылығына кескіндеме, графика, видео және медиа-арт кіреді. Владимир Сахновскийдің шығармашылық әдістері: найв, минимализм, әзіл, күлкі, ирония. Негізгі тақырыптары: күнделікті өмір, адамдар арасындағы қарым-қатынас, шекаралар, аңыздар, өткен шақ пен қазіргі шақ, қиял мен шындық.
Ол Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде (сурет-графика факультеті, станоктық кескіндеме мамандығы, 2001) білім алған. Кейін 2001-2004 жылдары Алматыдағы Сорос қорының Заманауи өнер орталығында (СЦСИ) жұмыс істеген. 2006 жылы Ресейге көшіп, 2011 жылы «ШАР» студия мектебін тәмамдаған және 2020–2021 жылдары «АРКА» кино жоғары мектебінде оқыған.
В. Сахновский «Қазақстан сувенирі» көрмесінде халықаралық қазылар алқасының үшінші жүлдесін иеленген (Алматы, 2002), Ресей анимациялық киносының Ашық фестивалінде «Алғашқы әке» атты жұмысы үшін үздік студенттік фильм аталымымен марапатталды (Суздаль, 2013). «Еуропаға терезе» атты Ресей киносының XXIV фестивалінде «НЛО Күні» фильмі «Шындық шекарасын кеңейтуге ұмтылғаны үшін» номинациясына ие болды (2016). IV Ұлттық анимациялық «Икар» сыйлығында «Стартап» номинациясының лауреаты атанып, «Бодо Бородо» атты жұмысы үшін марапатталды (2018). Сондай-ақ, Жирона қаласындағы 36-шы халықаралық кинофестивалінде «Алғашқы әке: Эдем» атты жұмысы үздік сериал жүлдесін иеленді (Испания, 2024).
В.Сахновский шығармашылығында өзара байланыс, қақтығыс немесе қатар өмір сүру тақырыптары қамтылған. Ол графикалық жұмыстарында күту күйін ирониямен бейнелейді («Дос», 2005), жұптар арасындағы сүйіспеншілік пен қолдау кеңістігін зерттейді («Екеу», 2006), этникалық азшылықтар туралы әзілдерге негізделген жергілікті фольклорды қайта өңдейді («Чукча, чукча, неге аулайсың?», 2011). Сахновский әкелер мен балалар мәселесін анимация арқылы қарастырып, аңызға негізделген өткен шақ пен қазіргі шақ кеңістігін тоғыстырады («Алғашқы әке», 2012 және 2023-2024). Ол фантазия мен шындықтың тоғысу идеясын медиа-жобаларында да зерттеуді жалғастырып жүр. Бұл жолы анимациялық фильмдердің авторларының бірі болатын көрермендермен интерактивтілік арқылы зерттейді, сондай-ақ көрсетілім кезінде олардың сценографиясын «бұзады» (cartoonhacker.ru, «Мастер-фильм» компаниясымен бірлесіп, 2015).
В. Сахновскийдің жұмыстары Қазақстан мен шетелде көрсетілді: «Көшедегі жазбалар» («Трибуна» галереясы, Алматы, 2001), «Trans-forma» (Заманауи өнер орталығы, Женева, 2002), «Тәңір-Ұмай» халықаралық өнер фестивалі (Алматы, 2002), «Екеуі бірінде» (СЦСИ, Алматы, 2002), «Қазақстан сувенирі» («Трибуна» галереясы, Алматы, 2002), «Біз — Қазақстан халқымыз» (СЦСИ, Алматы, 2006), «Мультобоз» қысқаметражды авторлық анимация фестивалі (МИА «Қазіргі Ресей», Мәскеу, 2018), 36- халықаралық кинофестиваль (Жирона, 2024).
В.Сахновский туралы ақпарат Сорос-Алматы қоры, Заманауи өнер орталығы (СЦСИ) мұрағаты — «Documentation» жобасы коллекциясында сақталған.
Суреттер Владимир Сахновкийдің Facebook-парақшасынан алынған