Category:
Bio
Ербосын Мелдібеков
Year
1964
Place of birth
Түлкібас теміржол станциясы, Қазақстан

Заманауи қазақстандық өнерпаз. Оның жұмыстары: мүсіндер, инсталляциялар, перформанстар, видео-арт және фотосуреттерді қамтиды. Шығармашылығының негізгі әдістері: күлкі, абсурд, карнавал, сюрреализм. Негізгі тақырыптары: билік, тарихи жадты деконструкциялау, ұжымдық жад және ұлттық кімдікті іздеу.

Е.Мелдібеков Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжінде (Алматы, 1980-1984) және Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының мүсін факультетінде (Алматы, 1987-1992) білім алды. Қанат Ибрагимовпен бірге «Көк-Серек» арт-тобының (1994) және Neue Kasachische Kunst (1997) ұжымының мүшесі болды. 

Е.Мелдібеков өз тәжірибесінде тарихи жад, дәстүр, тыйым тақырыбын зерттейді. Оның шығармалары қос сипатты және өткеннің ескерткіштерін қайта қарауды білдіреді («Автордың құлауының бес нұсқасы», 2024). Балаларға арналған ағаш конструкторлар  («Трансформер», 2013) және көркем сюжеттердегі карнавал кейіпкерлері («Тәуелсіздік күні», 2011) өткір шындық кеңістігіне орналастырылып, өткінші спектакль сияқты сезіледі. Бейнелердің сюрреалистігі визуал аналогияларда көрінеді («Ленин шыңы», 2007–2014 және «Шыңғысханның картасы немесе қызыл ат терісі», 2007), ал таныс символдар абсурд деңгейіне дейін жетеді  («Волкобаран», 1997).

Е.Мелдібековтің көркем туындылары қазақстандық және халықаралық көрмелерде, оның ішінде re-orientation көрмелерде ұсынылды: Kunst zu Mittelasien (ACC Gallery, Ваймар, 2002), Time of the Storytellers: Narrative and Distant Gaze in Post-Soviet Art (Kiasma - Museum of Contemporary Art, Хельсинки, 2007), Between Heaven and Earth - Contemporary Art from the Centre of Asia (Calvert22, Лондон, 2011), BALAGAN!!! Contemporary Art from the Former Soviet Union and Other Mythical Places (Nordwind Festival, Гамбург, 2015), Signature Art Prize (National Museum of Singapore, Сингапур, 2018), «Боран — Байқоңыр, Жібек жолы мен құс жолы арасында» (2024, «Целинный» заманауи мәдениет орталығы, Қазақстан), «Документация: заманауи өнер картасындағы Орталық Азия қиялдары» («Целинный» заманауи мәдениет орталығы, Алматы, 2025). 

Е.Мелдібеков туралы ақпарат Сорос-Алматы қоры Заманауи өнер орталығы (СЦСИ) мұрағаты — «Documentation» жобасы коллекциясында сақталған.

Суретті ұсынған — Ербосын Мелдібеков