
Қазақстандағы тәуелсіз куратор, лектор, редактор және зерттеуші. Ю. Сорокина «Astral Nomads» цифрлық мұрағатына кураторлық етеді (2013 жылдан) және «Азия Арт+» қоғамдық қорын басқарады.
Шығармашылығында көрмелер, жарияланымдар, графика, инсталляциялар, видео бар.
Тәжірибесіндегі негізгі тәсілдер: кураторлық, академиялық зерттеу, сұхбат, каталог түзу, мұрағаттау.
Негізгі идеялар: ұжымдық жады, мәдени болмыс, мұраны сақтау.
Ю. Сорокина Абай атындағы Қазақ педагогика институтында (Көркемсурет-графика факультеті, Алматы, 1987) оқыған және Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында ғылым кандидаты дәрежесін алған (Алматы, 2017). Қазір Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында («Арт-менеджмент және продюсерлік» кафедрасы) сабақ береді.
1990-жылдары Ю.Сорокина көркемсуретпен айналысып, көрерменді «заманауи өнер» деген не және оны кім жасайды деген сұраққа жауап іздеуге шақырды («Сұлулық сызығы», 1999). Ол кеңістік архитектурасын құру арқылы «өмір жолы» ұғымын бейнелеп, ұжымдық жады тақырыбын қозғады, жұмыс сипаттамасында Алматыдағы өмір мен Лета ежелгі грек мифологиясы арасында параллель жасады (ұмыт қалған өзен; “Future Айна-line”, 1998).
Ю.Сорокина заманауи өнерді зерттеп, «ArtsLink International Fellowships: US Residency» («The Getty Research Institute», 2010) және «Art Prospect Residencies» («ArtGround», «Sanati Muosir», 2018) резиденциялары аясында цифрлық мұрағатқа арнайы материалдар дайындады. «Астральные кочевники: искусство постсоветской Азии в потоке времени и смыслов» жобасы үшін Ю. Сорокина «Берлиндегі Вельтофенн стипендиясын» иеленді (Берлин, 2022–2023). Қосалқы куратор ретінде Орталық Азиядағы заманауи өнер мен суретшілер туралы “Re-Orientation” («ACC gallery», Веймар, 2002), «Музыкстан: медиапоколение современных художников Центральной Азии» (Орталық Азия павильоны, 52‑ші Венеция биенналесі, 2007), “Phantom Stories: Leitmotifs from Post-Soviet Asia” (Кунстхалле Лунд, Лунд, 2018) жобаларында жұмыс істеді.
Бұған қоса Ю.Сорокина қазақстандық және шетелдік басылымдарға өнер туралы 40-тан астам материал дайындады. Ғылыми жұмыстарында жекелеген суретшілердің шығармашылығына тоқталумен қатар, Орталық Азиядағы өнер тарихын да қарастырды: (Сорокина Ю. «Горизонты трансмедиального: поэтика Саодат Исмаиловой». «Central Asian Journal of Art Studies». Т. 8. №1. 2023 ж. 119–132-бб), (Sorokina Y. Humanity flow in Central-Asian digital art-history: the Astral Nomads model. «Central Asian Journal of Art Studies». 2021. №2. P. 65–76).
Ю. Сорокина туралы ақпарат «Documentation» жобасының коллекциясында — Алматыдағы Сорос қорының заманауи өнер орталығында сақтаулы.
Суретті ұсынған — Юлия Сорокина