Category:
Bio
Юлия Левицкая
Year
14.05.1966
Place of birth
Оңтүстік Сахалин, Сахалин о, Ресей

Заманауи қазақстандық өнерпаз, сәулетші, дизайнер, сценарист, режиссер, продюсер, қоюшы-суретші және костюм суретшісі. RJ Rekords тобының қатысушысы, көркемдік шығармашылық шеберханасы — «МАРТ» балаларға арналған өнер мектебінің негізін қалаушы. Жұмыстары қатарында сәулет жобалары, фильдерге сценарийлер, видео-арт және анимация бар. Ю.Левицкая тәжірибесіндегі негізгі әдістер — сәулеттік ойлау, графикалық коллаж және кино тілі синтезі, монтаж, цифрлық өңдеу және found footage. Негізгі тақырыптары: жад, кімдік және медиалық дүрбелең.

Ол 1979-1981 жылдары Оңтүстік-Сахалинск қаласындағы Балалар көркемсурет мектебінде, 1983-1990 жылдары Алматы сәулет-құрылыс институтында (тұрғын үйлер және қоғамдық ғимараттар архитектурасы мамандығы бойынша), сондай-ақ 1999-2003 жылдары Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында (кино және телевидение факультеті, анимациялық режиссер мамандығы) білім алды. 2002 жылы Ю.Левицкая «Инвентаризация» видео-фестивалінде (Алматы) Роман Арефьев және Константин Тимошенкомен бірігіп жасаған «Сиыр» видео-арт жұмысы үшін үшінші орын иеленді. Сол жылы ол «Кедейшілікке қарсы өнер» деректі фильмдер байқауында Р. Арефьевпен бірлесіп түсірген  «Money Phantom» фильмі үшін де үшінші орын алды және «Қазақстан сувенирі» жобасында (RJ Rekords тобы құрамында) «Бешбармақ» туындысы үшін жүлделі бірінші орынға ие болды.

Ю.Левицкаяның тырнақалды туындылары жыртылған қағаздан, үлпілдек наннан, тоқыма мен фарфордан көптеген қуыршақ жасаған. Ойыншық бейнелерді жасау арқылы ол аңыз бен шындықты тоғыстырып, тарихи өткен шақ, мәдени естелік («Жібек жолы», 2001) тақырыптарын көтереді және төл кімдігін анықтау туралы ой толғайды («Варсеника, ұлты қазақ емес, қазақ әйелі», 1997). Левицкаяның қуыршақтары кейде оның анимациялық фильмдерінде бой көрсетті («Мыстан кемпір — авиация пионері», 2001) немесе компьютерлік ойындардағы кейіпкерлерге айналды («Бешбармақ», «Untitled» жобасының ¼ бөлігі, RJ Rekords тобының құрамында, 2002). Өнерпаз өзінің видео-жұмыстарында тұрмыстық көріністерді деректі кадрлар мен графикалық бейнелерді монтаждау арқылы зерттейді («Құралдар арқылы», 2001) және күнделікті өмірге ирониялық көзқараспен қарайды («Сиыр», Р.Арефьев және К.Тимошенкомен бірге, 2002).

Ю.Левицкаяның өнер туындылары Қазақстанда және шетелде көрсетілді: Балалар көркем өнер мектебінің көрмесі (өлкетану музейінің көрме залы, Оңтүстік Сахалинск, 1979), маскалар көрмесі («Арман» кинотеатры, Алматы, 1996), «Қуыршақтар — параллель әлем» (ASSIA салоны, Алматы, 2001), «Тәңір-Ұмай» халықаралық фестивалі (Алматы, 2002), «Инвентаризация» СЦСИ видео-арт фестивалі (Неміс театры, Алматы, 2002). Ол «Уран дауылы» (2011), «Гармония сабақтары» (2013), «Әруақ» (2018), «Секс, қорқыныш және гамбургерлер» (2024) фильмдерінің суретші-режиссері және продюсері ретінде жұмыс істеді.

Юлия Левицкая туралы ақпарат Сорос-Алматы қоры Заманауи өнер орталығы (СЦСИ) мұрағаты — «Documentation» жобасы коллекциясында сақталған.

Суретті ұсынған — Юлия Левицкая