
2000 жылы Зитта мен Әблікім өздерінің отбасылық және шығармашылық ZITABL одағын (ZIT — Зитта, ABL — Әблікім) құрды.
ZITABL шығармашылық жұбы 2007 жылы көпсатылы халықаралық білім беру жобасы — «Басқаларға жеткіз» бағдарламасын куратор ретінде басқарды.
Бұл дуэт өздерін әртүрлі медиалар мен өнер түрлерінде көрсетті: кескіндеме, графика, объектілер, инсталляциялар, перформанстар, видео-арт, шиыршықтар, поэзия, фотоинсценировкалар және мәтіндер.
Зитта өз шығармаларында график-суретші ретінде офорт, коллаж, монотипия техникасын қолданады. Оның сүйікті графика тәсілі – жібекке басып шығару (шиыршықтар сериясы).
Суретшілер бір ғана стильді ұстанбайды. Олардың туындыларында сюрреализм, ирония, өз-өзіне ирония, юмор мен ойын, сондай-ақ әлемдік мәдениет сюжеттеріне рефлексия элементтері байқалады.
ZITABL шығармашылығының өзекті желісі — капитализм мен тұтынушылық қоғам үстемдік құрған жаңа өмір салтындағы «қарапайым адамның» бейнесі.
Дуэттің көркемдік тәжірибесінде абстракционизм, экспрессионизм, наив өнері, андерграундтық-хиппи мәдениеті мен психоделика элементтері (әсіресе Әблікімнің кескіндемесі мен графикасында) көрініс табады.
ZITABL шығармашылығының өзекті желісі — капитализм мен тұтынушылық қоғам үстемдік құрған жаңа өмір салтындағы «қарапайым адамның» бейнесі. Кеңестік қоғамдық құрылымның социализмнен капитализмге ауысуының нәтижесінде ел, бір жағынан, алып өткізу және тұтыну базарына, екінші жағынан, табиғи ресурстарды варварлық түрде қазып алу алаңына айналды; соның салдарынан кедейлік пен байлық арасындағы алшақтық орасан деңгейде ұлғайды.
Дуэттің суреткерлік тәжірибесінде абстракционизм, экспрессионизм, наив өнері, андерграундтық-хиппи мәдениеті мен психоделика элементтері (әсіресе Әблікімнің кескіндемесі мен графикасында) көрініс табады.
ZITABL-дың ең танымал еңбектері — посткеңестік және әлемдегі әлеуметтік-саяси оқиғаларға арналған туындылар: Зиттаның «Ассөк пен Мақтаның өмірбаянынан» сериясы (2016–2018) – 2014 жылдан бастап әлеуметтік желілерде өршіген «соғысқа» берілген көркем реакция, Әблікімнің «Тақияға деген қызыл махаббат» сериясы (2018), бұл жұмыс Синьцзяндағы драмалық оқиғалар әсерімен жазылған.
Кейде суретшілер көркем арт-активизмнің классикалық құралдарын пайдаланады: әйгілі«Мисс Азия» дефилесі (Берлин, Дүниежүзілік мәдениеттер үйі, 2002); флюксус-акция «Сүт» (Әблікім, СЦСИ-Алматының алғашқы жылдық көрмесі, 1998); «Бесіктен босату» акциялары (СЦСИ-Алматы ашылуы) және «Спонтанды кино» топтық перформансы («Төрттер тобы» құрамында, «Еуразия» кинофестивалі, 1999).
ZITABL шығармашылығында кеңестік өткеннің ең ауыр беттерін және қазіргі заманның #неоколониалдық трагедиясын сын тұрғысынан пайымдайтын жұмыстар бар: «Уақыт конвейеріндегі жұмырбастылар — ұжымдық өткен шақтан дарашыл бүгінге дейін» (2008), «Құрбандар үнсіздігі» (2007) – бұл туынды саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының өлтірілуіне арналған көркем реплика ретінде түсіндіріледі.
ZITABL арт-дуэті Қазақстандағы видео-арт бағыттарының дамуына зор үлес қосты.
Олардың алғашқы үш арналы видеоинсталляциясы — «Азиялық бағыт» (2000) — СЗӨО-Алматы ұйымдастырған заманауи өнердің II халықаралық жылдық көрмесінде І орынды иеленді.
Басқа видео-туындылары: «Медиа-айтыс» (2001), Тұтқын / Pushkin-remix» (2003), «Айдың жолдауы» (Message of the Moon, 2002), «Соқырлар / Breigel-remix» (2007), «Әткеншекте»(2006), «Тік тұрған шұлықтың арманы» (2005), «Тиран» (2007) және басқалары.
Бұл жұмыстар Қазақстанды түрлі халықаралық көрмелерде, фестивальдер мен биенналелерде танытты.
Өз еңбектерінде суретшілер заманауи қоғамға «ҚОЙЫЛЫМ, СИМУЛЯКРЛАР МЕН МАНИПУЛЯЦИЯЛАР қоғамының» шындығына көз ашуға үндеу тастайды.
ZITABL өз идеялары мен ойларын көрерменмен тікелей диалог арқылы жеткізеді. Бұл — олардың маңызды инсталляцияларында айқын көрінеді: «Жай ғана торда» (2002), «Көріпкел» (2006), Әблікімнің «Махаббат чемоданы» және «The Wall» (2018) объектілері, Зиттаның «Ақыр-заман» сериясындағы фотоинсценировкалары (2016), «НАН, ҚАНТ, ТҰЗ» туындысы.
ZITABL арт-дуэтінің шығармашылық өрлеу кезеңі 2000-жылдар болды.
Осы уақытта суретшілер өз елінде де, шетелде де жарқын арт-шаралар ұйымдастырды әріоларға қатысты:
– «Галереялар парады» (Алматы, 1999);
– Дүниежүзілік мәдениеттер үйі (Берлин, 2001);
– «Орталық Азиядан жаңа келулер» (Нью-Джерси, 2001);
– Politik-Um / New Engagement (Прага, 2002);
– «Париж — Берлин» (Берлин және Париж, 2001–2002);
– Seidenstraße / Жібек жолы (Берлин және Бонн);
– «Жаңа қазақ өнері» (Мехико, 2002);
– «Трансформа» (Женева, 2002);
– «Қызыл жұлдыздардан көгілдір күмбездерге» және «Вулкан үстіндегі билер» (IFA-Gallery, Берлин, 2004 және 2006);
– 52-ші Венециялық биеннале (Венеция, 2007);
– «Imagine the Future», ARTISTERIUM-3 (Тбилиси, 2011);
– «Қалыңдық жүзі» (Пермь, 2012);
– «Өмір-аңыз» (Страсбург, 2014);
– «Посткөшпелі көкжиектер» (Лондон, 2018);
– Ташкент биенналесі (2018);
– «Күн мен Айдың арасында», Лахор биенналесі (2020).
ZITABL туындыларының фотосуреттері мен құжаттамалары Сорос–Алматы қорының Қазіргі заманғы өнер орталығының (СЗӨО) Documentation жобасы архивінде сақтаулы.
ZITABL арт-дуэтінің еңбектері төмендегі коллекцияларда бар:
– Нортон Доджтың бейресми өнер жинағы (Ратгерс университеті, Нью-Джерси, АҚШ);
– Маржани қорының коллекциясы (Мәскеу, Ресей);
– Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік бейнелеу өнері музейі (Алматы, Қазақстан).
ZitAbl-дың жеке және бірлескен көрмелері
2000 — «Күн мен түн сияқты», «Трибуна» галереясы.
2002 — «Құдайлар мен қуыршақтар», «АРК» галереясы.
2007 — «Уақыт конвейеріндегі жұмырбастылар», «Тәңрі-Ұмай» галереясы.
2014 — «Ақыр-Заман», «Белый рояль» галереясы.
2018 — «Жек көруден сүйіспеншілікке дейін…», Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік бейнелеу өнері музейі, Орталық көрме залы (ZitAbl & Aura)
МАРАПАТТАР
1989
– «Жасыл Үшбұрыш» тобының мүшелеріне өнердегі дәстүрден тыс ізденістері үшін берілген диплом (Әблікім Ақмоллаев).
– Санкт-Петербург қаласындағы «Мастер-класс» IX Халықаралық өнер фестивалі дипломанттары (ZITABL).
– Республикалық «Жігер» көрмесінің қорытындысы бойынша диплом (Зитта Сұлтанбаева).
2000
– СЗӨО ұйымдастырған «Коммуникациялар. Өзара әрекет тәжірибелері» атты жылдық ІІ көрме қорытындысы бойынша Халықаралық қазылар алқасының І дәрежелі сыйлығы, Алматы (ZITABL).
2001
– «Ұрықтану» мақаласы үшін СЗӨО ұйымдастырған заманауи өнер туралы үздік мақала байқауында І-орын (Зитта Сұлтанбаева).
– «Кедейшілікке қарсы өнер» атты деректі фильмдер байқауында ІІ-орын (номинация: әлеуметтік ролик), «Медиа-айтыс» жобасы (ZITABL).
– «Азия жүздері» мақаласы үшін ынтымақтастық тақырыбындағы байқауда ІІІ орын, ұйымдастырушысы — СЗӨО (Зитта Сұлтанбаева).
– Британ Кеңесі ұйымдастырған британдық видео-арт көрмесі бойынша үздік мақала байқауында ІІІ орын (Зитта Сұлтанбаева).
2005
– Бішкектегі 1 сәуірлік «Тік тұрған шұлықтар» атты конкурс-көрмесінде І орын (ZITABL).
2007
– «Қазақстан — менің тағдырым» очерк байқауында ІІІ орын.
2015
– «Қазақстанның заманауи өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша халықаралық «Алтын асық» сыйлығы.
Мәтінді жазған - Зитта Сұлтанбаева.
Олег Гоголевтің суретін Зитта Сұлтанбаева ұсынды.