A Fox Under a Pink Moon (روباه و ماه صورتی (Roobah va Mah-e Soorati))

20.09.2026
Кино, Пікірталас
ORTA 3

Кураторлық жазба:

Сорая кесіп өтпек болған шекаралардан айырмашылығы — киноның шекарасы ауқымды, ашық әрі икемді келеді. Фильм Сораяның жүріп өткен жолының ауыртпалығын жасырмайды, өмірін тек сынақпен шектемейді. Мұндағы өмір қиындықтары сұлулықпен, әзілмен және қиялмен қатар жүреді. Бұл күй қиындықты жеңуге құрылған үйреншікті драматургияға бағынбайды, керісінше, өмір күтпеген жерден өзгеретіні сияқты, олар да үнемі бірін-бірі алмастырып, толықтырып отырады. Осылайша Сорая аянышты кейіпкер болудан қалып, өз оқиғасының қалай баяндалатынын өзі шешеді.

Сипаттамасы:

16 жастағы ауған суретшіcі Сорая анасымен қауышу үшін Аустрияға жетуге тырысады. Ол бес жыл бойы Ираннан кетудің амалын жасайды. Осы уақыт бойы Сорая болып жатқан оқиғаларды ұялы телефонының камерасына өзі таспалап, өз оқиғасының басты кейіпкері ғана емес, тең авторына айналады. Ол салған суреттердің кейіпкерлері — түлкі, қызғылт ай мен сайқымазақ та Сораямен бірге саяхаттайды. Деректі хроникамен астаса отырып, олар Сораяның ішкі әлеміне жол ашады және оның сапарын миграция туралы ғана емес, қиялдың құтқарушы күші жайлы хикаяға айналдырады.

Фильм тілдері:

парсы, дари, түрік

Фестивальдер мен марапаттар:

Жүлде: IDFA (Амстердамдағы халықаралық деректі фильмдер фестивалі), 2025, Үздік фильм · Халықаралық байқау

No items found.
Билеттер