«маған да жортқан ұнайды» Шыңғыс Айдаровтың күнделігін ашық оқу

17.05.2026
Перформанс, Пікірталас
Целинный

Шыңғыс Айдаровтың «маған да жортқан ұнайды» күнделігін ашық оқуға шақырамыз.

Қырғызстандық суретші Шыңғыс Айдаров Мәскеудегі еңбек миграциясы кезінде күнделік жүргізген. Ол бұл жазбаларда өзінің күнделікті өмірін, 2018 жылы қаңтардан желтоқсанға дейін заманауи өнерде болған процесстер мен оның ішіндегі өзінің жай-күйін жазған.

2026 жылы ақпанда күнделік қазақстандық «Дактиль» әдеби онлайн журналында жарияланды. Целинныйда күнделіктің бұқаралық оқуы болады, одан кейін талқы жоспарланған.

«Заманбап искусство» ұжымының мүшесі Әсел Рашидова блокнотты: «мағынасыз жазбалар жүргізу мағынасыз жазбалар жүргізу айтыңызшы өтінемін мағынасыз жазбалар жүргізу…» деп сипаттайды.

Блокнот — Шыңғыс Айдаров Мәскеу көшесінде кездейсоқ тауып алған күнделік. Ол блокноттың бұрынғы иесінің жазбаларын қалдырып, оны өз өмірінен алынған сызбалармен жалғастырады. Шыңғыс үзік-үзік, ретсіз жазады, бұл үшін өзін үнемі сынайды, алайда оның шынайы өмірі дәл солай: ауыр тұрмыс, жүк тасушы болып жұмыс істеу, көрмелерге бару, оқыған кітаптарынан үзінділер, жаңа шығармашылық идеялар іздеуден тұрады.

Өлшемі А6, үлкен қалтаға оп-оңай сыйып кетеді.

Перформерлер — Рената Клетт және Кеша Башинский.

Талқы модераторы — Әсел Рашидова.

Шақырылған қонақтар — Әсел Рашидова және Батыр Койчуев.

Күнделікті жариялауға Марат Райымқұлов, Әсел Рашидова, Қасиет Иманқұлова, Батыр Койчуев, Альмира Исмаилова және Ирина Гумыркина ат салысты.

Әсел Рашидова — зерттеуші, заманауи өнер көрмелерінің кураторы, 2024 жылдан бастап «Заманбап искусство» тобының мүшесі, Шыңғыс Айдаровтың мұрағаттарымен жұмыс істейді.

Қасиет Иманқұлова — заманауи өнер көрмелеренің кураторы, 2023 жылдан бастап «Заманбап искусство» тобының мүшесі.

Батыр Койчуев — ақын, пәнаралық суретші, әдебиет және перформанстармен жұмыс істейді, «Заманбап искусство» тобының мүшесі.

Марат Райымқұлов — суретші, сурет, мәтін, театрлық және анимациялық формалармен жұмыс істейді, 2005–2022 жылдары 705 тобының мүшесі, 2022 жылдан бастап «Заманбап искусство» тобының мүшесі.

Кеша Башинский — педагог, теоретик, режиссер. Алматыдағы оның туындылары қатарында — «Шахмардан выходит из колодца», «Отчет для академии», «я вышел из чулана в 03:54» бар. 98mag, syg.ma және некуда писать» телеграм арнасындағы театр және өнер туралы мәтіндердің авторы, театр тарихы және теориясы бойынша дәрістердің авторы.

Рената Клетт — актриса, әнші, педагог. 2019 жылдан бастап Алматыдағы Неміс театры труппасының мүшесі. Жас көрермен театрының хормейстері. Хор перформанстарының композиторы және авторы.

Альмира Исмаилова — драматург, 2019/2020 жылдары «Драма.KZ» заманауи қазақстандық драматургия фестивалінің кураторы, «Дактиль» әдеби онлайн журналының «Драматургия» айдарының редакторы, деректі кино режиссері.

Іс-шара 17 мамыр 15:00-де Алматыдағы Масаншы, 59 мекенжайында орналасқан Целинныйдың екінші қабатындағы Ателье білім беру кеңістігінде өтеді. Кіру тегін, тіркелу талап етілмейді. Іс-шара қырғыз және орыс тілдерінде өтеді.

No items found.