Анимация жасау

14.11–28.12.2025
Балалр мен жасөспірімдерге
Целинный

Тартымды сюжеті бар, детективтік, мистикалық, эмоциялық, фантастикалық немесе кез келген анимациялық фильм жасау — бұл курстың мақсаты мен шытырманға толы оқиғасы. 

Курс тәлімгерінің жетекшілігімен жасөспірімдер сюжет ойлап табады, кадрлық сызба жасайды, кейіпкерлерді дыбыстайды, артынша әртүрлі медиа-форматтар:  коллаж, сурет, видео және фотоны пайдалана отырып, өздерінің қысқа метрлі фильмін түсіреді. 

Процесс барысында сторителлинг техникасы, сондай-ақ әртүрлі көркемдік тәсілдер қолданылады. Қатысушылар анимация туралы базалық білім алып, іс жүзінде оның негізгі кезеңдерін меңгереді. 

Курс нәтижесі: қатысушылар жасаған анимациялық фильмнің премьералық көрсетілімі. 

Өтетін орны: «Целинный» заманауи мәдениет орталығындағы Atelier, Масаншы көшесі, 59, Алматы.

Курс тілі — орысша.

«Freedom Bank-пен шығармашалық зертхана» бағдарламасы курсына қатысу тегін — гранттар Freedom Bank қолдауымен беріледі. Өтінім беру үшін Орталықтың сайтындағы форманы толтыру қажет. Қатысушыларды іріктеу кезінде біз материалдық көмектің қажеттілігін (оның ішінде көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан жасөспірімдерді), өтінімнің мұқият дайындалуын және аталған курсқа қатысу қаншалық маңызды әрі алған білімі мен тәжірибесін қалай пайдалануды жоспарлайтын мотивациясын ескеретін боламыз.

Тәлімгер:

Лена Андерсон  — өнерпаз, арт-терапевт, реджио-педагог және сәулетші, «директивті емес арт педагогика» тәсілінің негізін салушылардың бірі, балалар мен ересектерге арналған арт-топтар мен арт-медиациялардың жетекшісі. 

Курсқа қатысты сұрақтарыңыз болса, learning@tselinny.org электрондық поштасына жазыңыз.

No items found.