Мұрағат: Өзбек КСР әуесқой киносы

Өзбекстан кинәуесқойлар Ассоциациясының мұрағатынан алынған 70-80-ші жылдардағы әуесқой фильмдер бағдарламасы
1960–80-ші жылдары Өзбекстанда (сондай-ақ жалпы КСРО аумағында) жұмыс істеген көптеген әуесқой киностудия кинематографқа құмар жандардың жанр мен формаға, сюжеттің бар-жоғына, дыбыс пен монтажға еркін эксперименттер жасаған алаңға айналды. Олардың авторлары кәсіби мәртебеге ұмтылған жоқ, сондықтан аталған туындылар шынайы еркіндігімен ерекшеленеді.
Өзбекстан кинәуесқойлар Ассоциациясы (UAFMA) — тәуелсіз кинематографистерді қолдайтын және Өзбекстанның әуесқой әрі тәуелсіз кино мұрағатын сақтайтын коммерциялық емес ұйым. Стратегиялық серіктестер және мақсатты аудиториямен жұмыс істеу арқылы UAFMA мәдени диалог пен тәуелсіз шығармашылықтың серпінді алаңына айналуды көздейді.
Көрсетілім кураторы: Олег Карпов — Өзбекстан кинәуесқойлар Ассоциациясы сақшысы, киносыншы, куратор, суретші, режиссер және коллекционер. Ташкенттегі «Кино музейінің» және videoART.uz. тәуелсіз Ташкент фестивалінің ұйымдастырушысы және кураторы. Жүзге жуық фильмнің авторы және режиссері; туындылардың бір бөлігі Умида Ахмедовамен бірлесіп түсірілген.
Киноәуесқой туралы баллада
Валерий Насыров
«Сириус» студиясы (Ташкент)
Көркем, 12 мин
Терезедегі гүл
Гарольд Лоренц
«Сплав» (Чирчик) студиясы
Деректі, 10 мин
Рух шақыру сеансы
Игорь Блидарев
«Спектр-77» (Ташкент) студиясы
Көркем, 17 мин
Ғасырлар үні
Шавкат Болтаев
«Ситора» (Бұхара) студиясы
Деректі, 16 мин
Қашу
Дмитрий Трофимов
«Сириус» (Ташкент) студиясы
Көркем, 9 мин
Жолдағы аялдама
Гарольд Лоренц
«Сплав» (Чирчик) студиясы
Көркем, 9 мин
Күзгі ертегі
Ахмеджан Қасымов
«Сириус» (Ташкент) студиясы
Көркем, 11 мин