Балаларға арналған өнер тарихы

Балаларға арналған өнер тарихы — бұл өнер тарихы түсінікті және жақын болатын кездесулер циклі.
Курс жүргізушісі балаларға шедеврлер қалай жасалғанын және бұрынғы суретшілер неліктен дәл осындай формалар мен түстерді таңдағанын түсінуге көмектеседі. Әр кездесу пайдалы теориядан басталады, онда балалар дәуірдің контексін, ежелгі техникалардың құпиясын және өткен өнердің біздің қазіргі өмірімізбен қалай тоғысатынын біледі.
Талқыдан кейін біз arts&crafts — практикалық бөлімге өтеміз. Бұл материалдармен (картон, фольга немесе бояу) жұмыс істеу арқылы бала алған білімін бекітетін шығармашылық эксперимент. Тапсырмалар әр қатысушы дайындық деңгейіне қарамастан, өзінің авторлық туындысын жасай алатындай ойластырылған.
Курс жүргізушісі — Аня Носко, өнертанушы және педагог.
Сабақ кестесі және тақырыптары:
1. «Антикалық табақ» (Жексенбі, 11 қаңтар) — Ыдыс-аяққа өрнек салу қаһармандар мен күнделікті өмір туралы баяндаудың тәсілі болған Ежелгі Грекия дәстүрлерін зерттейміз. Бала шеберлердің ырғақ пен өрнекті қалай пайдаланғанын біліп, шектеулі палитра мен графикалық линерлерді пайдалана отырып, қағаз табақ негізінде өз нұсқасындағы антикалық ыдыс жасайды.
2.«Қағаздан жасалған Рим мозаикасы» (Жексенбі, 18 қаңтар) — Ежелгі Римде үйлер мен термдерді қалай безендіргенін білеміз. Біз сызықтармен сурет салудың үйреншікті тәсілінен алшақтап, қағаздың және ескі журналдың жеке бөліктерінен тірі текстура жасау үшін өрнектер салып, форма мен түс арқылы сурет салуды үйренетін боламыз.
3. «Металлдағы орта ғасырлық өрнек» (Жексенбі, 25 қаңтар) — Орта ғасырдың эстетикасына сүңгіп, фактурамен жұмыс істеуді зерттейміз. Металлдағы бедерлі кескіндердің қалай жасалғанын біліп, фольгада өрнектеу техникасын сынап көреміз: өрнектерді бояулармен емес, сызықтар мен пішіндерді басу арқылы жасаймыз.
4. «Мона Лизаны толықтыру» (Жексенбі, 1 ақпан) — әлемнің ең танымал портретінің жұмбағын зерттейміз. Практикалық бөлімде біз Леонардо да Винчидің шедевр туындысының интерпретациясымен жұмыс істейміз: Джоконданың силуэті бар дайын үлгілерді пайдалана отырып, қатысушылар оның айналасын, детальдарын немесе эмоцияларын өзгертеді. Бұл жаттығу образдың мағынасы контекст пен автордың қиялына байланысты қалай өзгеретінін түсінуге көмектеседі.
Ұйымдастыру ақпараты:
- Форматы: Open Studio — шеберханаға көрсетілген уақыта аралығында кез келген сәтте қатысуға болады.
- Уақыты: әр жексенбі 15:00-ден 18:00-ге дейін.
- Жасы: балалар (6 жастан бастап) және олардың ата-аналары.
- Өтетін орны: «Целинный» заманауи мәдениет Орталығы, Масаншы көшесі, 59, Ателье (2 қабат).
- Бағасы:
- Жеке қатысу — 5 000 теңге.
- Отбасылық билет (3 адамға дейін) — 10 000 теңге.
Барлық материал аталған бағаға кіреді.
Билеттерді сілтемеге өтіп, алуға болады.