Зерттеудің көркемдік әдістері және отарсыз феминистік эпистемология

17.08.2026, 18.08.2026, 19.08.2026, 22.08.2026, 23.08.2026
Дәріс, Уоркшоп, Пікірталас

Зерттеуші Альмира Табаеваның бес күндік семинары қатысушыларды arts-based research (ABR) және отарсыз феминистік теориямен таныстырады. Семинар бұл екі бағытты Орталық Азиядағы гендер, жад және өмірлік тәжірибе туралы білім өндірудің өзара толықтырушы тәсілдері ретінде қарастырады. Семинардың негізгі сұрағы: білім деп нені айтамыз және кімнің білімі маңызды деп танылады?

Апта бойы қатысушылар білімнің табиғаты мен зерттеу дәлелдемелеріне қатысты іргелі сұрақтардан бастап, arts-based әдістерін тәжірибе жүзінде меңгереді. Бағдарламада визуалды әдістер, дене картографиясы (body mapping) және заттармен жұмыс істеу зерттеу құралдары ретінде қарастырылады. Сонымен қатар қатысушылар деколониялық және феминистік теориялармен, соның ішінде Альмира Табаева әзірлеген Suzani Feminism тұжырымдамасымен танысады. Бұл тәсіл кесте өнерін, отбасылық архивтерді және ұрпақаралық жадты феминистік білім өндірудің кеңістігі ретінде қарастырады.

Бағдарлама практикалық воркшоппен және дөңгелек үстелмен аяқталады. Қатысушылар зерттеген әдістерін өз зерттеу тақырыптарына қолданып көреді, ал аптаның қорытындысы ретінде семинар қатысушылары бірлесіп ұжымдық зин әзірлейді.

Альмира Табаева — Назарбаев университеті Жоғары білім беру мектебінің PhD-кандидаты және AlmaU университетінің Research Assistant Professor қызметкері. Оның зерттеу бағыттарына гендер және білім беру, зерттеу этикасы, сондай-ақ Орталық Азиядағы деколониялық және arts-based әдіснамалар кіреді. Өз еңбектерінде ол өмірлік тәжірибе, мәдени жад және көркемдік тәжірибелердің жергілікті контекске негізделген әрі этикалық тұрғыдан жауапты білім өндіруге қалай ықпал ететінін зерттейді.

Кесте

17 тамыз (1 күн): 11:00–13:00

18 тамыз (2 күн): 11:00–13:00

19 тамыз (3 күн): 11:00–13:00

22 тамыз (4 күн): 14:00–16:30

23 тамыз (5 күн): 14:00–16:30

Оқуға арналған мәтіннің басым көбі ағылшын тілінде ұсынылады, десе де барлық қатысушыға бағдарламаға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін семинардағы негізгі түсініктер мен талқылар орыс және қазақ тілдерінде өтеді. 

Кім қатыса алады?

Семинар студенттерге, бастауыш зерттеушілерге, оқытушыларға, мәдениет практиктері мен arts-based әдіснама, отарсыз және феминистік теорияға, Орталық азиялық контексте жад және білім өндірудің заманауи тәсілдерін зерттеуге қызығушылық танытқан жандарға арналады. 

Қатысу

Қатысу тегін. Орын саны шектеулі.

Қатысу үшін сайттағы форманы 10 тамызға дейін толтыру қажет. 

Егер сұрақтар туындаса, бізге  learning@tselinny.org поштасына жазуларыңызды сұраймыз. 

Іріктеу нәтижесі өтінім қабылдау аяқталған соң хабарланады. Іріктелген қатысушылар оқуға арналған материалдар мен барлық қажетті ұйымдастыру ақпаратын алғашқы кездесуге дейн алады. 

Сабақтар «Целинный» заманауи мәдениет Орталығының (Масаншы көшесі, 59, Алматы)

Ателье білім беру кеңістігінде өтеді. 

No items found.