Кейінгі кеңес мәдениетіндегі автор мен кейіпкер
.jpg)
18 және 19 қыркүйек Целинныйда Иван Делазаридің қатысуымен «Кейінгі кеңес мәдениетіндегі автор мен кейіпкер» атты дәрістер сериясы өтеді.
Дәріс кейінгі кеңес мәдениетінде автор, мәтін және оның кейіпкерімен байланысы қалай болғанына, туындылар өз авторларынан қалай өз алдына бөлек өмір сүре бастағанына және авторлық туралы түсініктің қалай өзгергеніне арналады. Мүлдем тоғыспайтын қос сюжет — Виктор Цойдың әндері және Леонид Брежневтің «Целинасы» арқылы Иван Делазари кеңес мәдениетіне әдебиет, медиа мен әлеуметтік антропологияны зерттеу арқылы көз тастауды ұсынады.
Серия Nazarbayev University Faculty Development Competitive Research Grant Program қолдауымен Nazarbayev University-дің «Бұлдыр авторлық: аударма, бейімдеу және деректі баяндау практикаларындағы нарративтік функциялардың ығысуы» ғылыми-зерттеу жобасы аясында өтеді.
18 қыркүйек, 18:00
«Цой тірі»: «Екінші ауызекіліктегі» ән мәдениеті
Дәріс медиа теоретигі Уолтер Онг ұсынған «екінші ауызекілік» түсінігі арқылы Виктор Цойдың ән шығармашылығына және кеңестік рок-музыкаға арналады. Жазбаша сөз радио, телевидение және ақпарат берудің басқа да аудиовизуалды тәсілдерімен мейлінше белсенді қатар өмір сүретін мәдениет туралы әңгіме қозғалады.
Кеңестік рок-музыкант пен қазақ ақынының ортақ тұсы қандай? Цойдың әндері қалай «халықтыққа» бағыт алды және уақыт өте келе оған не болады? Дәрісте қатысушылар авторлық, жад және орындаушылардың мәтіндері, әуендері, дауыстары мен ишаралары оларды тудырғаннан кейін өмір сүруін қалай жалғастыратыны туралы сөйлеседі.
19 қыркүйек, 14:00
«Мүмкін, маған да оқу керек шығар?...» Брежнев және оның (емес) «Целинасы»
Екінші дәріс 1970-ші жылдардың соңында миллиондаған тиражбен шығып, Леонид Брежневтің мемуарының үшінші бөлігіне айналып, мәтінді оның өзі жазғанына күмән болғанына қарамастан, авторға Ленин жүлдесін әкелген — «Целина» кітабына арналады.
Қатысушылар «Целинаны» әдеби жанрлар көзқарасы тұрғысынан қарастырып, кеңес лидерінің автобиографиялық прозасы басқа дәстүрлердегі саяси мемуарлардан несімен ерекшеленетіні туралы пікір алысады. Биліктің ресми образы мен Брежневтің бұқаралық мәдениетте, соның ішіндегі анекдоттарда қалай көрініс тапқаны арасындағы алшақтық жеке тақырып ретінде қаузалады. Дәріс талдауында Алексей Юрчактың әлеуметтік-антропологиялық тәсілі қолданылады.
Иван Делазари 2022 жылдан бастап Nazarbayev University Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар мектебінде әдебиет тарихы мен теориясынан сабақ береді. Оның ғылыми мүддесі салыстырмалы әдебиеттану, нарративті теория және сөз бен музыка арасындағы өзара әрекеттестікпен байланысты. Ресей мен Гонконгта оқып, сабақ берген, АҚШ-та тағылымдамадан өткен, «Музыкалық симулякрлар» кітабының авторы.
Екі дәріс те Масаншы, 59 мекенжайында орналасқан Целинныйдың екінші қабатындағы Ателье білім беру кеңістігінде өтеді. Кіру тіркелу арқылы тегін. Тіркелу сілтеме бойынша қолжетімді.
.png)