Between the Dance Floor and the Experiment

Yuto Takei — токиолық продюсер және диджей. Ол өз жолын видео ойындар мен жарнамаларға, соның ішінде Gran Turismo мен Lexus-қа музыка жазған композитор ретінде бастаған. Өз тректерінде Yuto электрониканы қалалар, таулар мен үңгірдегі далалық жазбалармен байланыстырып, ырғақтық эксперименттерді, перкуссия мен эмбиентті үйлестіреді.
Оның практикасы дыбыспен жүзеге асатын эксперименттерден бастап би алаңына арналған dj-сеттерге дейінгі кең ауқымды қамтиды. Yuto аталған бағыттарды қалай тоғыстыратыны туралы сөйлесіп, оның тәжірибесіндегі оқиғаларды тыңдаймыз әрі әлбетте, өз сұрақтарыңызды қою мүмкіндігі де қарастырылған.
Модераторы: Саида Нарысова.
31 қазан, сенбі · 16:30–18:30
Артист-ток ағылшын тілінде Масаншы, 59 мекенжайында орналасқан Целинныйдың екінші қабатындағы Ателье білім беру кеңістігінде өтеді. Кіру тегін.
Кешке Yuto Орталықтың әр ай сайын өтетін кеші — Tselinny After Hours-та өзінің қонақ ретінде ұсынатын dj-сетін ойнайды (19:00–22:00, кіру тегін).