Камиль Гимаздтиновтың «Изображая Центральную Азию» кітабының танытымы

«Изображая Центральную Азию» — Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан кинематографиясы туралы сөз қозғайтын ГАРАЖ.txt сериясының жаңа кітабы. Танытым барысында кинотанушы Гүлнәр Әбікеева кітап авторы Камиль Гимаздтиновпен бұл мәтінді жазуға не түрткі болғанын, неліктен «Орталық Азия» деп жалпылама атау бір сәтте орынсыз, үмітсіз, десе де қисынды екенін әрі автор неге өз кітабын ер жету романы деп атайтынын талқылайды.
Танытым күні кітапты Целинный дүкенінен сатып алуға болады.
Камиль Гимаздтинов — Орталық Азия киносын зерттеуші, драматург, театр режиссері, Татарстан мәдениеті туралы «Инде» және «Инде. Алмет» интернет-журналдарының шеф-редакторы. Орталық азиялық фильмдер көрсетілімінің кураторы (MOÑ театр алаңы, Қазан; «Смена» заманауи мәдениет орталығы, Қазан; «Московский» мәдениет орталығы, Қазан). 2021 жылы ол Қазан (Еділ бойы) федералды университетінің халықаралық қатынастар, тарих және шығыстану институтында «Орталық азиялық көркем кинода өз кімдігін қалыптастыру жолындағы посткеңестік тәжірибе» тақырыбында магистрлік диссертациясын қорғады.
Гүлнар Әбікеева — кинотанушы, кинсыншы, Қазақстан киносыншылар Ассоциациясының президенті. Өнертану докторы. Қазақстан және Орталық Азия кинематографиясы туралы кітаптардың авторы. Әр жылдары «Азия-кино», «Евразия-кино», «Территория кино» журналдарының бас редакторы болды. Тележүргізуші ретінде де қызмет етті. 2005 жылдан 2013 жылға дейін «Еуразия» ХКФ арт-директоры болды. Халықаралық кино баспасөз федерациясының (ФИПРЕССИ) және Азия киносын насихаттау желісінің (НЕТПАК) мүшесі. Ол Ресейдің кинотанушылар және киносыншылар Гильдиясының «Слон» жүлдесімен және Қазақстан кинематографистер Одағының «Құлагер» жүлдесімен марапатталған.
Кіру тегін, тіркелудің қажеті жоқ. Танытым 27 наурыз сағат 16:00-де Алматы қаласы, Масаншы, 59 мекенжайында орналасқан Целинныйда, ORTA 1 кеңістігінде өтеді.