Креативті жазу

18.04.2026
Уоркшоп
Целинный

Бұл уоркшоп прозадан бастап поэзияға дейін көркемдік жазу практикасына кіріспе болады және қатысушыларға мәтінмен жұмыс істеудегі базалық құралдарды ұсынады. Сабақ барысында: идея және құрылым, кейіпкерлерді дамыту, сюжет желілері және авторлық дауысты қалыптастыру сынды әдеби процесстің негізгі элементтері қарастырылады. Жазуды қалай бастау керек және оны қалай тұрақты практикаға айналдыруға болатынына ерекше мән беріледі, сондай-ақ тақырып пен шабытты қайдан іздеу керек, төл тәжірибеңмен қалай жұмыс істеуге болады, неге жазу шындықты пайымдау тәсілі бола алатыны басты назарда.

Уоркшопта сонымен қатар баспа ісі мен жариялаудың мүмкін жолдарына қысқаша шолу да жасалады. Қатысушылар мәтіндерді саралау және интерактивті тапсырмаларды орындау арқылы алған білімдерін іс жүзінде қолдана алады.

Іс-шара тілі: ағылшынша

Кім үшін: уоркшоп бастаушы авторлар мен әдебиетке қызығушылық танытатын әрі өзін жазу өнерінде сынап көргісі келетін жандарға арналады.

Спикер туралы: Жандос Әзербай — ақын және жазушы. Оның лақап атпен жазылған тұңғыш романы Launch Pad Prose Competition финалына жетіп, көркем және заманауи әдебиет аталымында Somerset Book Award жүлдесінің лоңг тізіміне енді. Оның өлеңдері The Fiddlehead және Rattle журналдарында жарияланған.

No items found.