Crocodile

Кураторлық жазба:
The Critics тобының оқиғасы біздің жергілікті ортаға өте жақын. Себебі бізде де көптеген режиссерлер, клипмейкерлер мен VFX-суретшілер өз жолын тәуелсіз бастап, мамандықты тікелей жұмыс барысында меңгеріп жатады. Фильмнің керемет тұсы да сол, ол бізді көбіне киноның бастауы саналатын сәтке — бала көңілдің кино өнеріне деген риясыз таңданысы мен өзіндік жаңа дүние ойлап табуға деген құштарлығына қайта алып барады. Бірақ бүгінде бұл әуесқойлық пен кәсібилік міндетті түрде киноиндустрияға апарады деген сөз емес: кино саласының ресми институттарымен таныспас бұрын-ақ фильм түсіріп, үйреніп, өз аудиторияңды табуға әбден болады. Сондықтан The Critics тарихы автордың YouTube-тегі видеолар мен музыкалық бейнебаяндардан бастап, мұражайлар мен өзге де өнер алаңдарына дейінгі жолын қамтитын қазіргі аудиовизуалды кеңістіктегі ауқымды өзгерістерді де дәл көрсетеді.
Сипаттамасы:
Нигерияның Кадуна қаласында қиялы ұшқыр әрі киноға деген махаббаты шексіз жасөспірімдер ғылыми-фантастикалық фильмдер түсіреді. Оларда ұялы телефон, мата қиындылары мен ескі ноутбук қана бар. Дегенмен бұл ғарыш кемелері мен болашақ технологиялары көрініс табатын ауқымды фантастикалық әлемдерді жасап шығаруға әбден жетеді. Олардың өз тарихы да фантастикадан кем түспейді. Фильмдерін YouTube желісіне жүктеген балалар қалың көрерменнің ғана емес, үлкен киноиндустрия өкілдерінің де қызығушылығын оятады. Жаңа мүмкіндіктер жасөспірімдерге кәсіби киноға жол ашады. Алайда олар есейген сайын жеткен жетістіктері мен танымалдық ұжым ішіндегі қалыпты қарым-қатынасты өзгерте бастайды — кейде тіпті өздері мүлдем күтпеген бағытқа бұрып әкетеді.
Мазмұны туралы ескерту:
Фильмде жыныстық харассмент жайлы сөз қозғалуы мүмкін.
Фильм тілдері:
Ағылшын, Хауса, Йоруба
Фестивальдер мен марапаттар:
Жүлде: Tribeca Film Festival, 2026, Үздік фильм · Viewpoints
Іріктеу: Berlin International Film Festival, 2026, Әлемдік премьера · Forum