Бейнелеу өнері мен поэзиядағы бейотар оптика
Бұл дәрісте біз отаршылдық, отарлық, отарсыздық және олардың контексі туралы сөз қозғап, сондай-ақ бейнелеу өнері мен поэзиядағы бейотар оптика туралы айтатын боламыз. Дәрістің бір бөлігі сәндік жазу, Орхан Памук және постимпериялық меланхолия синдромына арналады.
Еғана Жаббарова - ресейлік ақын, УрФУ орыс тілі шет тілі ретінде кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты. «Босфор» (2015), «Поза Ромберга» (2017) поэзия кітаптарының авторы. Бейотар және сәндік жазу бағытында жұмыс істейді. «Транслит», «Знамя», «Урал», «Новая Юность», «Новый мир», «Плавучий мост» және т.б журналдарда жарияланған. «Новая Юность» (2016) журналының «Поэтический дебют» жүлдесінің лауреаты. Аркадий Драгомощенко атындағы (2019) жүлденің шорт-тізіміне енген.
Дәрісті Ханзада Клаус қорының қолдауымен Fem Workshop Almaty (@fwwala) ұйымдастырады.