Cандық сторителлинг

Бұл курс сіздің дауысыңызбен сөйлейтін сандық кеңістікті қалай жасау керегін үйретеді. Әр қатысушы өзінің жеке авторлық парақшасын әзірлейді: мәтіндер, фотосуреттер, суреттер, аудиолар қосу, сондай-ақ ойын элементтерін, сілтемелер мен өткелдерді енгізу.
Тақырып «Ойын кейіпкері» деп аталады — бұл әр қатысушы ойлап табатын және визуализация жасайтын образ болып саналады. Бұл ішкі әлемді, тәжірибені, армандарды немесе наразылықты көрсететін кейіпкер болуы мүмкін. Оның өзіндік болмысы, сыртқы келбеті, қоршаған ортасы немесе тарихы болады.
Кейіпкерді жасағаннан кейін жұмыс сандық ортада жалғасады: кейіпкер жеке парақшаның бір бөлшегіне айналып, мәтіндер, анимациялар мен дыбыстар арқылы жанданып, басқа кейіпкерлермен диалога түседі. Нәтижесінде барлық оқиға желісі онлайн қадағалауға болатын біртұтас жобаға біріктіріледі.
Курста қатысушылар сайт жасау, сандық сторителлинг және визуал медиамен жұмыс істеу негіздерін меңгереді.
Курс нәтижесі: біртұтас сандық жоба — кейіпкерлер мен олардың өзара байланысының көп дауысты картасы.
Өтетін орны: «Целинный» заманауи мәдениет орталығындағы Atelier, Масаншы көшесі, 59, Алматы.
Курс тілі — орысша.
«Freedom Bank-пен шығармашалық зертхана» бағдарламасы курсына қатысу тегін — гранттар Freedom Bank қолдауымен беріледі. Өтінім беру үшін Орталықтың сайтындағы форманы толтыру қажет. Қатысушыларды іріктеу кезінде біз материалдық көмектің қажеттілігін (оның ішінде көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан жасөспірімдерді), өтінімнің мұқият дайындалуын және аталған курсқа қатысу қаншалық маңызды әрі алған білімі мен тәжірибесін қалай пайдалануды жоспарлайтын мотивациясын ескеретін боламыз.
Тәлімгер:
Лена Андерсон — өнерпаз, арт-терапевт, реджио-педагог және сәулетші, «директивті емес арт педагогика» тәсілінің негізін салушылардың бірі, балалар мен ересектерге арналған арт-топтар мен арт-медиациялардың жетекшісі.
Курсқа қатысты сұрақтарыңыз болса, learning@tselinny.org электрондық поштасына жазыңыз.