Андроидтар электрлік гүлдердің иісін сезе ме? Жұмсақ робототехника мен ольфакторлық өнер тоғысындағы әңгіме

06.05.2026
Дәріс, Пікірталас
Целинный

Іс-шара әлемдегі Италиялық зерттеулерін күніне орай және Алматыдағы Итальяндық мәдениет институты бастамашы болған “Creative Dialogues between Italy and Kazakhstan” сериялары аясында өтеді. Ол бір-бірінен алшақ көрінсе де, мейлінше тығыз байланысатын екі бағытты — жұмсақ робототехника мен иістерді көркемдік құрал ретінде пайдаланатын ольфакторлық өнерді біріктіреді.

Суретші Франческа Казале және робототехника саласындағы зерттеуші Никколо Пальярани жасанды интеллект дәуірінде «қабылдау» деген не туралы ой қорытып, заманауи машиналардың сенсорлық мүмкіндіктеріне мойын бұрады. Технология, эстетика және философияны біріктіретін диалог аясында әлі де жеткілікті зерттелмеген сала саналатын иіс сезуге ерекше назар аударылады және машина иісті тани ма, интерпретациялай ала ма және тіпті «қиялдай» ала ма деген сауал қояды.

Қоршаған ортамен әрекеттесуге қабілетті жұмсақ робототехника жүйелері және иісті мәнерлі құрал ретінде пайдаланатын көркемдік практикаларды байланыстыра отырып, дәріс адамдық пен бейадамдық, тән мен симуляция, тәжірибе мен кодтың өзара қарым-қатынасы туралы мейлінше кең әңгімеге арқау болады.

Кеш модераторы — Джанлуиджи Рикуперати. Әңгіме бірлескен зерттеу кеңістігі ретінде ойластырылып, қалай жаңа технологиялар сезім мүшелерін тек жаңғыртып қана қоймай, сондай-ақ сезімдік қабылдау түсінігін қалай қайта анықтайтынын қарастырады.

Спикерлер:

Никколо Пальярани — бионик-инженер және жұмсақ робототехника саласының зерттеушісі, Scuola Superiore Sant’Anna биоробототехника Институтының постдокторанты, Capio Robotics компаниясының техникалық директоры және негізін салушылардың бірі. Оның жұмысы агро-өнеркәсіптік секторды, ассистивтік технологияларды және ғарыштық әзірлемелерді қоса алғанда, практикалық қолдануға арналған қауіпсіз әрі бейімделгіш робототехникалық жүйелерді жасауға бағытталған.

Франческа Казале (SENSU) — ольфакторлық және визуалды практикалар тоғысында жұмыс істейтін туриндік суретші. Парфюмерия мен фитотерапия саласындағы тәжірибесіне сүйене отырып, ол иісті бейматериалдық орта ретінде зерттеп, денелік және сенсорлық қабылдауға бағытталған иммерсивті орталар жасайды.

Модераторы:

Джанлуиджи Рикуперати — жазушы, куратор және креативті директор. Triennale Milano және Castello di Rivoli бұқаралық бағдарламаларына кураторлық етеді, Institute for Production of Wonder және FAUST коммерциялық емес ұйымының директоры. Сонымен қатар Nova Express журналын басып шығарушы әрі бірқатар кітаптар мен жарияланымдардың авторы.

Іс-шара тілі: ағылшынша

Кіру: тегін, тіркелу талап етілмейді

Жария дәрістен бөлек, Никколо Пальярани мен Франческа Казале студенттерге өздерінің зерттеу практикасы мен материалды практикалық тұрғыда меңгеруге бағытталған жабық уоркшоп өткізеді.