Айдаһар қақпасындағы асхана

Қытай, XV ғасыр – императордың уәзірі Цао өзінің саяси қарсыласы генерал Ю-ды жеңіп, өз адамдарын генералдың қашқын отбасын іздеуге жібереді, олар Айдаһар қақпасындағы асханаға бағыт алған еді. Оларды онда төртжүз ержүрек жауынгерден тұратын қосалқы күш күтіп тұр.
Уся жанрында (кезбе жауынгерлер туралы фильмдер) жұмыс істейтін өзінің әріптестерінен қарағанда Кинг Ху фэнтези бөліктерге анау айтқандай қызығушылық танытқан жоқ, ал шайқас сахналарын қоюда слоу-мо немесе анимацияға емес, қытай операларынан алынған актерлік шеберлік пен ырғақты қимылдарға сүйенді. Өз кейіпкерлерін кеңістікте еркін қозғалтатын әрі таңғажайып ырғаққа жол беретін шебер монтаждау негізгі құралға айналды. Ал мұның бәрі Тайваньнің көздің жауын алатын тұмса пейзажында болып жатты.
Режиссердің түстер мен бөлшектерге назар аударуы оның бұрынғы декорация бойынша суретші екенін көрсетеді — ол өз жолын Гонконгта аты аңызға айналған ағайынды Шоулардың студиясынан бастаған еді. Режиссураға ақырындап табан тіреген ол Тайваньға үлкен кассалық табысқа жеткен, нәтижесінде аталған жанрдың ізбасарлары мен Голливудтағы режиссерлер (Квентин Тарантино «Жиіркенішті сегіздікте» және Энг Ли «Жолбарыстың жортуында») мойын бұрған әлемдік кино классикасына айналған «Асханамен» оралды. Тайвань классигі Кинг Худың жарқын әрі айрықша әдемі фильмі 1990 жылдары бүкіл әлемдегі видеосалондарды жаулап алған кейінгі нуар гонконг боевиктерінің ізашары саналады.
Кино бағдарламаның ақпараттық серіктесі: ‘98mag