Құрғақ жапырақ

Грузияның ауылдық жерлерін аралап, футбол алаңдарын түсірген фотограф қыз Лиза жұмбақ хат қалдырып, жоғалып кетеді. Қыздың әкесі Иракли және оның көзге түспейтін досы Левани Лиза жүріп өткен жолды өткеріп, қыз көрген пейзаждарды тамашалап, Лизаны іздеуге аттанады.
Бір қарағанда детективті роуд-муви әдетте фестивальдік киноларда болатындай жанрға ишарат жасап, жалған болып шығады. Жоғалып кетудің құпиясы фильмнің соңына дейін тек жол бойында кездесетін жергілікті тұрғындармен өрбитін сирек әңгімелер арқылы ғана көрініс табады. Фильмдегі оқиғаның бастауы Коберидзе мен көрермендерге жоғалып бара жатқан пасторальдық көріністерді тамашалап, футбол ойнап жүрген балалар мен қаңғыбас иттердің күнделікті өміріне сүңгуге арналған себеп болып шығады.
Біртіндеп пейзаждарға сіңіп кететін сюжеттік канва біздің назарымызды болып жатқан оқиғалардан бізді қоршаған соншалықты сұлу әрі нәзік әлемге аударуды ұсынады. Коберидзе пиксельденген күн батуы және адам сұлбасының орнына түрлі-түсті дақтар арқылы аталған екі қасиетті атап көрсетеді — мұның бәрі Sony Ericsson телефон камерасының арқасында жүзеге асты. Бұл қасақана жасалған “сапасыз” бейнелер бір сәтте жылы аңсар сезімін оятып, 4K-ультрареализм тоғысында радикалды заманауи ишаратқа айналады және біздің қарсы алдымыздағы шындықтың уақытшалығын айшықтап көрсетеді.
Кино бағдарламаның ақпараттық серіктесі: ‘98mag