Dua
23.08 21:00
Кино

Приштина, Косово, 1990 жылдардың соңы. Соғыс жақындап, ұлтаралық шиеленіс күшейген тұста 13 жастағы Дуа құрдастарының арасында өз орнын табуға және бойындағы өзгерістерді түсінуге тырысады. Жергілікті жұртты дүр сілкіндірген бір оқиғадан кейін Дуа да қудалауға ұшырайды. Сол кезде ол батыл Макимен достасады. Маки оған қарсылық танытудың күтпеген жолын көрсетеді. Алайда күнделікті зорлық пен елден қуылу қаупі төніп тұрған кезде, алаңсыз есейуге мүмкіндік жоқ.
No items found.