Көркем жазу уоркшобы

October 14, 28. November 11, 25.
Дәріс
Atele

Fiction Writing Course аясында өз жұмысыңды ортаға салып, оқытушы мен өзге де қатысушылардан конструктивті кері байланыс алуға болатын бастаушы авторларға арналған жеке жазушылық уоркшоптар өтеді. 

‍

Қатысушылар төмендегі екі форматтың біріне қосыла алады:

‍

  • Автор — өз туындысының бір бөлімін алдын ала жіберіп, уоркшоп барысында кері байланыс алады 
  • Тыңдаушы — қатысушылардың жұмысымен танысып, өз пікірлері мен бақылауларын ортаға салады 

‍

Әр уоркшоп алдында 3 қатысушы өз мәтіндерін ұсына алады. Мәтін бөлігі 5 000 сөзге дейін немесе табиғи түрде аяқталатын 1–3 бөлімді қамту керек. Туындыны ұсыну үшін сілтемедегі форманы толтырып, мәтінді топқа жіберу қажет. 

‍

Уоркшоп барысында авторлар оқытушы мен басқа да қатысушылардан кері байланыс алады. Мәтінмен бірге сондай-ақ талқылау барысында ерекше назар аударғыңыз келетін бірнеше сұрақты жолдауға болады. 

‍

Кімге арналған: романдар, әңгімелер, пьесалар немесе сценариймен жұмыс істейтін бастауыш және дамушы жазушыларға; әдебиет сүйер қауым мен әдебиет мамандығында оқитын студенттерге, сондай-ақ кино және театрға қызығатындарға.  

‍

Жандос Әзербай — ақын және жазушы. Оның лақап атпен жарияланған алғашқы романы Launch Pad Prose Competition шорт тізіміне және Somerset Book Award for Literary and Contemporary Fiction лоңг тізіміне енген. Оның өлеңдері  The Fiddlehead және Rattle басылымдарында жарияланған. 

‍

Курс тілі: ағылшынша

Жұмыстарды жазу тілі: ағылшынша немесе орысша

‍

Қатысу құны

Автор — 8 000 теңге

Тыңдаушы — 4 000 теңге

‍

‍

No items found.
Билеттер сатып алу