Көркем жазу курсы

10.10.2026-08.11.2026
Дәріс
Atele

Ағылшын тілді курс көркем проза өнеріне арналады және теориялық білімді шығармашылық жазу практикасымен үйлестіреді. Қатысушылар мәтінмен жұмыс істеудің негізгі қағидалары және техникаларымен танысып, өздерінің жазушылық жолындағы әртүрлі кезеңде қолдана алатын құралдарға ие болады. 

Курс барысында қатысушылар төл әдеби дауысын іздеп әрі дамытып, перспектива және формамен эксперимент жасап, идеяларды әңгіме, роман, сценарий немесе пьесаға айналдырып, нанымды кейіпкерлер мен диалогтар тудырып, сахналарды құрылымдап, мағына, тіл және мәтін құрылымымен жұмыс істейтін болады. 

Курс практикаға басым назар салады, десе де сабақтар терең теориялық негізге де арқа сүйейді.  

Курс тақырыптық тұрғыда: HIMOYA: Matrilineal Energies, Oracular Kin көрмесімен және оның жад, мұра, отбасылық оқиғалар, мифология және білімді беру тәсілдеріне жүгінумен байланысты. Курстың тұрақты қатысушылары бағдарлама аяқталған соң, көрмені тегін тамашалай алады. Медиация сабақтағы таныс тақырыптарға басқа көзқараспен қарап, идеялар мәтінде емес, визуалды өнерде қалай көрініс табатынын көруді ұсынады. 

Курстың дербес бөлігі — қатысушылардың өз мәтіндерімен жұмыс істеуге арналған практикалық жазушылық уоркшоптары. 

Курс романдар, әңгімелер, пьесалар немесе сценариймен жұмыс істейтін бастауыш және дамушы жазушыларға, әдебиет сүйер қауымға, әдебиет мамандығында оқитын студенттерге, сондай-ақ кино, театр және оқиға құрастыру процесіне қызығушылық танытатын жандарға сәйкес келеді. 

Кесте

10 қазан — Ideas, Originality, Fresh Perspectives

17 қазан — Show, Don’t Tell

24 қазан — Language and Voice

31 қазан — Characters

7 қараша — Desire and Conflict

14 қараша — Setting

21 қараша — Symbolism, Set-ups, and Foreshadowing

28 қараша — Dialogue and Scenes

Жандос Әзербай — ақын және жазушы. Оның лақап атпен жарияланған алғашқы романы Launch Pad Prose Competition шорт тізіміне және Somerset Book Award for Literary and Contemporary Fiction лоңг тізіміне енген. Оның өлеңдері  The Fiddlehead және Rattle басылымдарында жарияланған. 

Курс тілі: ағылшынша

Жұмыстарды жазу тілі: ағылшынша немесе орысша


11:00 – 12:00 

сенбі күндері

10, 17, 24, 31 қазан

7, 14, 21, 28 қараша

Қатысу құны

Бір реттік сабақ — 8 000 теңге

Толық курс — 55 000 теңге

‍

No items found.
Билеттер