Сәтті түйін

19.07
Кино
ORTA 3

Жақын болашақтағы Токионы еске салатын жапон қаласында үнемі сейсмикалық тұрақсыздық сезіледі. Жер сілкінісі қаупін ескертетін дабылдар мен үдей түскен шиеленіс аясында бір топ дос жасөспірім есею кезеңіндегі жеке оқиғаларын бастан кешіреді. 

Оқушылар мектеп директорын келеке еткеннен кейін, мектепте жаппай бейнебақылау жүйесі енгізіледі. Ол оқушылардың тәртібін таспалап әрі бағалап, аз ғана тәртіп бұзушылық үшін де баллдарды алып тастай бастайды. Қаланың күнделікті тұрмысы бақылауға алынған күннің өзінде, жасөспірімдердің бүлікшіл қарым-қуаты мен олардың музыкаға деген махаббаты өмірге құштарлық пен бағынбас рухты күшейте түседі. 

Визуалды тұрғыда Нео Сораның болашақ қаласы «Пышақ жүзімен жүгірушілердегідей» Лос-Анджелес қаласы сынды классикалық ғылыми фантастика рухындағы түбегейлі трансформацияланған технополис ұсынбайды. Happyend фильмі бүгінгі Токиоға жақын, таныс бейнеде қалады — оның сәулеті, күнделікті кеңістігі осы шақтан анау айтқандай ерекшеленбейді. 

Болашақтың элементтері визуалды ортаға нәзік араласу сипатында көрінеді, қаланың бұлттарында туындайтын жаңалықтар, немесе кейіпкерлерді бақылау нысаны есебінде маркерлейтін сандық индикаторлар сияқты цифрлық қабаттар күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналған. Аталған элементтер басым түспейді, шындықпен қатар өмір сүреді. Мұндағы авторитар болашақ түбегейлі басқа әлем болып емес, осы шақтың болар-болмас өзгерген нұсқасы ретінде көрініс табады. 

No items found.