Horizon білім беру бағдарламасының семинарлары
«Қазақстандағы перформанс тарихы» — бұл белгілі қазақстандық өнер сыншысы, куратор және «Сорос-Алматы» заманауи өнер Орталығының бұрынғы басшысы Валерия Ибраевамен сұрақ-жауап кездесуі, оның барысында өнер мен саясаттың арақатынасы, сондай-ақ Орталық Азиядағы мәдени өзгерістер талқыланды.
«Агрегаторлар туралы» — бұл өнер теоретигі және және кинорежиссер Алексей Улько қатысқан семинар, онда студенттер Дэвид Джозелиттің интернет-агрегаторлардың көркемдік тәжірибеге әсері туралы маңызды мәтінімен танысты.
«Гибридтік соғыс дәуіріндегі институттар» — Алексей Ульконың баяндамасының жалғасы ақпараттық технологиялардың адамдардың, қауымдастықтар мен мемлекеттердің өміріне әсері туралы сөз қозғайды.
«Қазіргі қиял» — оқытушы және философия ғылымдарының кандидаты Дмитрий Мельников британдық өнер теоретигі Питер Осборнның «заманауилық» термині мен темпоралдықтың біздің қоғамға әсерін қарастыратын мәтіні бойынша семинар өткізді.