Cәт қолтаңбасы

Осы сәтте кездесу арқылы біз осында бар болуымызға түрткі болған тәсілдер мен жолдарды зерттей аламыз. Және болашақта бар болуымыздың ізін қалдырамыз. Осында және қазір болу арқылы біз уақытты, кеңістікті, атмосфераны және қарым-қатынастарды физикалық, менталды және көркемдік деңгейде зерттейміз. Біз үшін Целинныйдың жаңа кеңістігінде өткен шақ пен болашақтың тоғысатыны маңызды – және бұл қазір кездесу нүктесі мен орнына айналды.
«Сәт қолтаңбасы» перформансында біз сәтті контекст әсері тұрғысынан зерттейміз: өткеннен қалған сграффито біздің «қазіргі» уақытымызды қалыптастырады, Целинныйдың жаңартылған кеңістігі бізге болашақтың жаңғырығын сыйға тартады, ал біз – осында және қазір ақпаратты қабылдап, өңдеп, із немесе қолтаңба қалдырамыз. Ол тек осында және қазір бар болуы мүмкін, бірақ оның әсері судағы толқындар сияқты тарай алады.
Перформанс үш қиындыдан тұрады: өткен шақ, осы шақ және болашақ. Олардың әрқайсысы физикалық және сезімдік кеңістікте өзінің айрықша қолтаңбасын қалдырады. Өткен шақтың қиындысында біз Евгений Сидоркиннің сграффито тарихына қатысты құжаттамалық материалдардың компиляциясын Целинный тұжырымдамасымен байланыста, сондай-ақ Айсұлтан Сейітовтің видеосы арқылы «Действие буквально» инклюзивті театр Зертханасы мен «Целинный» заманауи мәдениет Орталығының ынтымақтастық тарихының қолтаңбаларын көреміз.
Осы шақ қиындысында перформерлер көрермендерді қатысуға шақырады. Кеңістікте жайылған қағаз ақ жолда ерекше перформативті техниканың көмегімен әркім өз қолтаңбасын қалдыра алады.
Бұл із камерамен нақты уақыт режимінде түсіріліп, экранда көрсетіледі.
Тамара Саид пен Аян Марроканскийдің (Екiншi) сграффито элементтерін пэтчворк техникасын қолдана отырып түрлендірген костюмдері уақытты байланыстыратын маңызды жіпке айналады.
Болашақ қиындыларында перформерлер болашақтың жылтырақ сағымын жасап, жеңіл тұманға сіңіп кетеді.