Innocent Sorcerers (Niewinni czarodzieje)

22.10.2026
Кино
Atele

Innocent Sorcerers (Niewinni czarodzieje) (1960)

‍

Бірге өткен бір түнде спорт дәрігері әрі джаз музыканты Базыли мен біз өте аз білетін Пелагия бір-бірімен нәзік ойынға беріледі: бірін-бірі қағытып, өз сезімдерінен қашуға тырысады. Олар сөз бен қимыл-қозғалыстың тасасына жасырынады, құдды шындық Халықтық Польшада ең қауіпті әрі қатаң шектелген тауар сияқты. Түнгі Варшаваны кезіп жүріп, олар бір кездесуден екіншісіне кетеді, басқа да жастармен сөйлесіп, таң қылаң бергенде Пелагияның пәтеріне оралады. Ақыры, олардың қарым қатынасы жақындық және бірге қалу, болмаса, ажырасу деген таңдау алдында сынақтан өтеді. Өздерін қоршаған сыртқы  шектеулерді түсіне отырып, олар жастық шағын заманауи сана-түсінік пен эмоционалды жетілмегендік арасында тепе-теңдік сақтап, өткеруге тырысады. 

‍

1950 жылдардың соңы мен 1960 жылдардың басындағы әсем түсірілген Варшавада өрбитін бұл фильм сол дәуір жастарының тұтас бір буынының портретін бейнелейді. Кшиштоф Комеданың джаз музыкасымен астасқан туынды бүгінде «шағын тұрақтану» деп аталған кезеңнің алғашқы жылдарынан сыр шертетін тарихи құжат болып саналады. Билік тарапынан салқын қабылданған фильмнің экранға шығуына бір жыл кетіп, ақыры көрерменге цензураның сәл де болса ықпалына ұшыраған нұсқасы ұсынылып, прокатқа шектеулі түрде шықты. Бұл Вайданың заманауи тақырыпқа арналған тұңғыш фильмі әрі Польшадағы «жаңа толқынның» қалыптаса бастағанын аңғартқан тырнақалды туындылардың бірі еді. 

‍

Режиссёрі: Анджей Вайда

Сценарийі: Ежи Сколимовский, Ежи Анджеевский

Оператор: Кшиштоф Виневич

Музыкасы: Кшиштоф Комеда

Өндірген: «Кадр» авторлық кинотобы (Zespół Autorów Filmowych „Kadr“)

Рөлдерде: Тадеуш Ломницкий, Кристина Стыпулковская, Роман Полански

‍

Жылы: 1960

Ұзақтығы: 84 мин

Жанрлары: драма, мелодрама, музыка

Жас шектеуі: 18+

Фильм тілдері: Поляк тілінде, ағылшынша аудармамен.

‍

Мекенжайы: «Целинный» заманауи мәдениет орталығы, 2-қабат, Ателье.

‍

Еуропалық арт-хаус кино күні аясында CICAE қолдауымен көрсетіледі.

Фильмді ұсынған: Stowarzyszenie Kin Studyjnych.

‍

No items found.
Билеттер