Кеңес дәуіріндегі қазақ киносы

Дәріс
09.10 – 01.11.2025
Tselinny

Кеңес дәуіріндегі қазақ киносы – өткеннің сирек кадрлары ғана емес, сол кездегі ұлт ішіндегі, ел ауқымындағы саяси, мәдени және идеологиялық процестердің көрінісі. 1930 жылдардың басынан 1970 жылдардың аяғына дейін экранда ұлттық тақырыптарды, мемлекеттік цензура мен үгіт-насихатты, сондай-ақ өзіндік көркем тіл ізденістерін тоғыстырған фильмдер пайда болды. 

Біз аталған курста бұл фильмдердің қалай жасалғанын, неліктен кейбір оқиғалар экранға шығып, басқалары «сөреде» сап түзеп қалғанын және киноның қалайша бір уақытта билік құралы мен ұлттық өзін-өзі таныту кеңістігі бола алғанын қарастырамыз. 

Курсты аяқтағаннан кейін сіз кеңестік кезеңдегі қазақ киносының тарихы мен контексіне тереңірек бойлап, картиналардың жасырын мағынасына «бойлап», оларды тек өнер туындысы ретінде ғана емес, сонымен бірге өз дәуірінің маңызды құжаттары есебінде қабылдайтын боласыз. 

Курс бағдарламасы:

1. Кино кеңес үгіт-насихатының құралы ретінде: 1920-1930 жж.

2. Орталық біріккен киностудия (ЦОКС) және Сталинизм: 1940–1950-ші жылдар

3. Кино орыстандыру құралы ретінде: 1950–1960-шы жылдар 

4. Музыкалық комедиялар кеңестік идеологияның тасымалдаушылары ретінде: 1950–1960-шы жылдар

5.  «Жылымық» дәуіріндегі ұлттық кинематографтың өркендеуі: 1960-1970-ші жылдар 

6. Мәжит Бегалиннің әскери фильмдері және Абдулла Қарсақбаевтың балаларға арналған фильмдері: 1960-шы жылдар

7. Кеңестік қазақ истерндері: 1960–1970-ші жылдар

8. Ұлттық киноға жол берілмеген «тоқырау» дәуіріндегі кино: 1970–1980-ші жылдар 

No items found.