Korkut Shorts

14.05, 25.06.2026
Film
Tselinny

Жак Мадвонның Ливаннан көшірілген палестиналық балалардың жарқын суреттерінен тұратын «Жел ұшырғандар» фильмінің өң бойында Палестинадан жеткен жел ышқынады. Суреттер — 1967 жылғы Алты күндік соғыстан кейін Ливанға қоныс аударған соң ғайып болған күнделікті өмір туралы естеліктерге ашылған терезе. Балалардың жадында жатталған туған жер қанық түстермен беріліп, халық әнімен сүйемелденеді, ал кейін бастан өткен зорлық-зомбылық пен сол туралы естеліктерді бейнелейтін соғыстың қатыгез дыбыстары және күңгірт шимайлармен тоғысады. 

Визуалды қабылдауды дыбыстық қабылдауға өзгертетін Дана Искакованың «Бұл кімнің дауысы?» фильмі —- DAVRA қолдауымен Arsenal Filminstitut мұрағатының Орталық Азия фильмдерін зерттеу нәтижесі. Фильм 1960-шы жылдан 1990-шы жылға дейінгі Орталық Азия фильмдеріндегі дыбыс, сөйлеу және музыка эволюциясын зерттейді. Дыбыс ландшафтары және музыкамен толықтырылатын қайта дыбысталған кейіпкерлердің ой-толғамдарын тыңдай отырып, біз кеңестік идеология ықпалын, оның бірте-бірте әлсіреуі мен қайта құру кезеңіндегі еркіндіктің пайда болуын қадағалай аламыз.

2024 жылдың жазында Ливанның әуе кеңістігі Израильдің әскери ұшақтарының ұшуынан туған гүрілден тыным таппады. БҰҰ жинаған және 2006 жылдан бері Израильдің көршілес тәуелсіз мемлекеттің әуе кеңістігін бұзуын тіркейтін дыбыстық деректер негізінде жасалған Лоуренс Абу Хамданның «Аспан күнделігі» фильм-эссесі мәтін, кадрдан тыс дауыс және Израиль әскері қолданатын дрондар, ұшақтар және басқа да әскери ұшу аппараттарының әуесқой аудио мен видео жазбаларынан тұратын күрделі саундскейптерді біріктіреді. 

Құрылымы жағынан минималистік, десе де көтеретін тақырыбының көлемі тұрғысынан ауқымды «Күнделік» өткен шақ пен осы шақ арасында параллель жүргізіп, соғыстан кейінгі Германия тарихына, 2021 жылғы Израильдің Газаға жасаған шабуылына және 2020 жылдың тамызында болған Бейрут портындағы жарылысқа назар аударады. 

Нұр Абедтің «Біз қорғай алған сол түн» фильмі режиссердің Палестина халық өнері орталығының (РАС) дыбыс мұрағатынан тапқан «Жауынгерлерге арналған әннен» бастау алады. Ән жолдары визуалды қатармен астасып, тарихқа ұжымдық түрде жасалатын әрі қайта пайымдалатын құбылыс есебінде мойын бұрады. Ежелгі үңгірлері, жерасты жолдары және жабайы аңғарлары бар Палестина жері фильмнің басты кейіпкеріне айналады — ол сыртқы көзге түсетін қабаттың астына жасырынған ұлан-ғайыр,  жұмбағы шешілмеген әлем болып ашылады. Бұл өлкедегі өмір рәсімдер күнделікті әрекеттер және оқиғалармен астасатын үнемі синхрондалған ырғақта болатын үлкен ұжымдық ағзаның тіршілігі ретінде көрсетіледі. Адамдардың бір-біріне беретін сезімдері Палестина қауымдастығын қолдап, сақтап тұр. 

«Торап» Рами Харрабидің (VIRUS2020) зерттеуінен пайда болды — ол эксперименталды үрмелі аспаптармен жұмыс істей келе, түп-тамыры Солтүстік Африка дәстүрінен шығатын гибрид нысан жасап шықты. Үш аспап мәдени жадтың тасымалдаушысына айналып, өзгеріске, бұрмалауға және қайта контекстеуге ашық болды. Видео тоғысу идеясы төңірегінде құрылымдалған бұл зерттеуді визуалды және дыбыстық тәжірибеге айналдырады. Ол шиеленіс пен қатар өмір сүрудің: өткен шақ пен болашақ, акустикалық және электронды дыбысталу, дәстүр және инноваациялар сынды бірнеше өсінен өтеді. 

Бағдарлама фильмдері:

Жел ұшырғандар (1971, Жак Мадво)

Бұл кімнің дауысы? (2025, Дана Искакова)

Аспан күнделігі (2024, Лоуренс Абу Хамдан)

Біз қорғай алған сол түн (2024, Нұр Абед)

Торап (2023, Рами Харраби)

No items found.