18.07
Кино
ORTA 3

Koyaanisqatsi – бұл диалог, кейіпкерлер және дәстүрлі баяндау құрылымынан ажыраған иммерсивті визуалды поэма. Картина бізді 80-ші жылдардағы АҚШ-тың сантүрлі түкпіріне жетелеп, заманауи технологиялар мен урбанизация біртіндеп табиғаттың орнын басып, адам мен қоршаған ортаға қалай әсер ететінін көрсетеді. 

«ko.yaa.nis.qatsi» хопи үндістерінің тілінде «тепе-теңдіктен тыс өмір», «хаосқа толы өмір», «бөлшектерге бөлінген өмір», немесе «өмір сүрудің жаңа жағдайын жасауды талап ететін өмір күйі» – яғни үндестігін жоғалтқан өмірдің жай-күйі дегенді білдіреді. Филип Гласстың гипноздық музыкасының ырғағымен осынау экзистенциалды әсер Годфри Реджионың фильмінде беріледі. 

Бұл өз уақытынан озық болған, культке айналған постмодернистік «қала симфониясы» әсіресе бүгін айрықша өткір естіледі.  

No items found.