«Саңылауды қалай тесуге болады? Мүсін – әлдененің жүзеге асуына жағдай жасайтын шарт» артист-тогы

03.06.2026
Дәріс, Пікірталас
Целинный

Он жыл бұрын мен метафоралық тұрғыда жабылып келе жатқан есіктің арасына аяқты қалай сұғу керегі туралы «Өзіңді жабылып бара жатқан есік пен оның жақтауының арасына қалай қоюға болады?»* деген мәтін жаздым: бұл — мәдениеттің еркін дамуына мүмкіндік беру үшін кеңістіктің тарылып келе жатқан бұрышын ашық ұстап тұратын кураторлық жұмыс туралы. Бүгінде есік жоқ. Біздің алдымызда биік қабырғалар пайда болды. Келіспеуді терроризм деп атайды, ал мемлекеттік террор заңдастырылады. Бұл дәріс қабырғалардағы саңылауларды тесіп, мәдениет жабық жүйелердің ішіне кіре алуы үшін арналар мен ағындардың жолын ашатын менің кураторлық зерттеу практикаларыма арналған. Мен өнерпаздардың блэкаут жағдайында меншіктік емес, бейэкстрактивистік қатынастарға, хаттамалар мен пайдалану тәсілдеріне қалай арна жолдарын ашатынын баяндаймын.

* Zasha Colah, “How to Put Ourselves between the Closing Door and Its Frame?”, in Paul O’Neill, Mick Wilson, and Lucy Steeds, eds, The Curatorial Conundrum: What to Study? What to Research? What to Practice?, Cambridge, Massachusetts, 2016. Бұл мәтін 2014 жылы DAAD стипендиясы бойынша білім алғанымда Stefanie Heraeus және Nikolaus Hirsch шақыруымен Städelschule-дегі бұқаралық дәрісіме негізделді.

Заша Колах — куратор және Больцано-Боцендегі kunstverein Ar/Ge Kunst көркемдік директорларының бірі (2023 жылдан бастап). Мұндағы әр көрме өзекті, саяси, заңдық және көркемдік мәселелерді бірлесе пайымдайтын практиктердің жұмыс тобына айналады. Ол 13-ші Берлин биенналесіне (2025), 2-ші Иньчуань биенналесіне (Марко Скотини жетекшілік ететін кураторлық команда құрамында, 2018) және 3-ші Пун биенналесіне (Лука Чериццамен бірге) кураторлық етті. Колах Мумбайдағы кураторлар мен өнерпаздар ұжымының көркемдік кеңістігі Clark House Initiative (2010–2022) негізін салушылардың бірі болды. 2018 жылдан бастап ол Миландағы Nuova Accademia di Belle Arti оқу орнында comparative curatorial studies-тен сабақ береді. Қазіргі уақытта Франкфурттағы Städelschule-де visiting fellow бола отырып, ол процессуалдық және перформативтік мүсін және оның заманауи көрме формаларындағы мән-мағынасы туралы курс оқиды.

Күні: 3 маусым 19:00-де. Мекенжай: Масаншы, 59, Целинный, екінші қабаттағы Ателье білім беру кеңістігі. Кіру тегін, тіркелу талап етілмейді. Артист-ток ағылшын тілінде өтеді.

No items found.