Алғашқы рангтың жаңа данышпандары
1-дәріс: Марина Абрамович
“Алғашқы рангтың жаңа данышпандары” — бұл “театр”, “музыка”, “кескіндеме”, “әдебиет”, “ғылым” ұғымдарының шекарасынан шығып, осыған дейін болмаған өнердің ашық мұхитына шыққан режиссерлер, композиторлар, суретшілер, философтар туралы арнайы әңгімелер сериясы.
Рүстем Бегенов – режиссер, продюсер, әмбебап өнер инженері, ORTA әмбебап өнер орталығының негізін қалаушы. Әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ механика-математика факультетін (2006) және және Борис Юханановтың жеке режиссерлік шеберханасын (2015, Мәскеу) тәмамдаған. «Медея.Материал Поп-механикалық спектаклі», «Светопреставление Сергей Калмыков», «Явление Первого тома Романа в тысячи томах» пәнаралық жобаларының авторы. Халықаралық фестивальдердің қатысушысы, екі рет Сергей Курехин атындағы сыйлықтың Гран-при жүлдесіне ұсынылған. Рүстем Бегеновтың «Алғашқы рангтың жаңа данышпандары» бағдарламасы 2017-2020 жылдар аралығында қазақстандық «Классик» радиосында жарық көрді.
2-дәріс: Роберт Уилсон
Tselinny Temporary (Esentai)| 3 Желтоқсан, 2020 | 19.30
Дәріс қазіргі театрдың басты тұлғаларының бірі, авангард шебері және «суретші театрының» негізін салушы Роберт Уилсонға арналған.
3-дәріс: Ромео Кастеллуччи
Tselinny Temporary (Esentai) | 10 Желтоқсан, 2020 | 19.30
Біздің заманымыздың ең радикал театр режиссері - италиялық Ромео Кастеллуччи туралы дәріс. Socìetas Raffaello Sanzio театрының жетекшісі contemporary art әлеміне жатқызуға болатын радикал инсталляция-спектакльдер жасайды. Оның режиссерлік қолтаңбасы мен діни символизмге деген құштарлығы әрбір қойылымды әлемдік театр сахнасындағы ерекше оқиғаға айналдырады.