Балаларға арналған медиация «Босаға»

Біз қазан айында BARSAKELMES жобасына қызыққан балаларға арнап шығармашылық кездесулер циклін бастаймыз.
Ойын, мифтер және табиғи материалдармен жұмыс істеу арқылы балалар мәдениетті зерттеп, өздерінің жеке оқиғаларын құрастырады.
Әрбір кездесу — жыландар мен айдаһарлар туралы аңызға терең ену. Онда жанасу әсерлері, дыбыстар, бейнелер мен қиял өзара өріле отырып, баланың оқиғаны өз тәжірибесі арқылы сезінуіне көмектеседі.
Оқу бағдарламасы:
4 қазан, сенбі (15:00–16:30) — «Нұртөле туралы аңыз» атты сабақ: «кетіп, қайта оралмайсың» деген аралға саяхатқа шығу үшін рюкзак жинаймыз.
12 қазан, жексенбі (15:00–16:30) — «Жыландарды басқару құралдары» атты сабақ: тыныштық пен дыбысты зерттеп, оркестрге арналған жеке музыкалық аспабымызды ойлап табамыз.
18 қазан, жексенбі (15:00–16:30) — «Тұзды шөлдер» атты сабақ: тұзбен тактильді ойын арқылы жойылып кеткен тіршілік иелерінің іздерін іздейміз.
25 қазан, жексенбі (15:00–16:30) — «Арал сақшылары» атты сабақ: бізді қорғайтын рухтарды жасаймыз да, ең ізгі тілектермен ритуал өткіземіз.
Кез келген күні қатыса аласыз. Бір реттік сабақтың құны — 5000 теңге. Төрт сабақтан тұратын пакет бағасы — 16 000 теңге. Билеттерді сілтеме бойынша сатып алуға болады.
Жүргізуші: Лена Андерсон — суретші, арт-терапевт, реджио-педагог және сәулетші.
Сабақтар орыс тілінде өткізіледі.
Мекенжайы: «Целинный» заманауи мәдениет орталығы, Масаншы көшесі, 59.
Бір сабаққа қатысатын балалар саны — 20-ға дейін. Сабақ кезінде ата-аналардың бірге болуы міндетті емес.