Менталды карталар орынды зерттеу құралы ретінде
Архитектуралық ландшафтты мұрағаттау бойынша ArchCode Almaty қауымдастығының шеберлік сабақтары сериясын жалғастырамыз. Екінші шеберлік сабағы ертең сағат 11:00-де өтеді. Тақырыбы: «Менталды карталар орынды зерттеу құралы ретінде». Студенттер, сәулетшілер, зерттеушілер, жаңадан бастаған өлкетанушылар мен сәулет өнері және қала ортасын зерттеуге қызығушылық танытатын кез келген адамды шақырамыз! Кіру тегін.
Не туралы айтамыз:
1. Орынның архитектуралық ландшафты мен ерекшелігін зерттеу кімге және не үшін қажет?
2. Қаланың ландшафт картасы мен орынның бірегейлігін “оқуды” қалай бастау керек?
3. Осы екі құбылысты қалай таспалап үйренуге болады?
4. Менталды карталар жердің архитектуралық бірегейлігін зерттеуге қалай көмектеседі?
5. Менталды карталарды зерттеу құралы ретінде қолданудың қандай әдістері бар?
Біз не істейміз:
- Шеберлік сыныбы аясында әрбір қатысушы далалық блиц-зерттеу үшін өз фокусын таңдай алады, сонымен қатар жердің өзіндік менталды картасын жасай алады.
- Сонымен қатар біз алынған карталарды топта талқылаймыз және олардан қала контекстіндегі орынды одан әрі зерттеуге негіз бола алатын ортақ “кілем” жасауға тырысамыз.