Ableton Live-та музыка жасау

13.01–05.02.2026
Балалр мен жасөспірімдерге
Целинный

Ableton Live — компьютерде музыка жасауға арналған ең танымал бағдарламалардың бірі. Курста қатысушылар төл тректерін жасайды: алғашқы нобайлар мен аранжировкалардан бастап араластыру, мастеринг және қорытынды релизге дейін. 

Біз заманауи музыка шығару құралдарының қалай жұмыс істейтінен бастап ырғақ жинауды, әуен жазуды, эффектер қосып, үйлесімді дыбыс жасауды үйренеміз. Музыкалық тәжірибе міндетті емес — тек қызығушылы пен эксперимент жасауға дайын болу. 

Бұл курс музыка жасауда өзін сынап көргісі келетін кез келген адамға сәйкес келеді: жаңадан бастаған музыканттардан бастап, визуал өнер, ойын жасау немесе медиаға қызығушылық танытатындар — сайып келгенде музыка бүгінде күрделі сандық жобалардың бір бөлшегіне айналуда. 

Курс нәтижесі: қатысушы жасаған дайын трек және Ableton Live-та жұмыс істеудің негізгі принциптерін түсіну. 

Өтетін орны: «Целинный» заманауи мәдениет орталығындағы Atelier, Масаншы көшесі, 59, Алматы.

Курс тілі — орысша.

«Freedom Bank-пен шығармашалық зертхана» бағдарламасы курсына қатысу тегін — гранттар Freedom Bank қолдауымен беріледі. Өтінім беру үшін Орталықтың сайтындағы форманы толтыру қажет. Қатысушыларды іріктеу кезінде біз материалдық көмектің қажеттілігін (оның ішінде көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан жасөспірімдерді), өтінімнің мұқият дайындалуын және аталған курсқа қатысу қаншалық маңызды әрі алған білімі мен тәжірибесін қалай пайдалануды жоспарлайтын мотивациясын ескеретін боламыз.

Тәлімгер:

 Рашид Садреев —  moñsu лақап атымен танымал музыкант және педагог. Ол композициямен, саунд-дизайнмен және лайвкодингпен айналысады, видео ойындарға музыка жазады және генеративті музыканы пайдаланып перформанстар жасайды. 

Курсқа қатысты сұрақтарыңыз болса, learning@tselinny.org электрондық поштасына жазыңыз.

No items found.