Модтағы бір түн

27.12.2025 19:00
Кино
Целинный

34 жастағы инженер Жан-Луи Michelin-де жұмыс істейді, католиктік қағидаларды ұстанады және кездейсоқ қарым-қатынасқа уақыт жұмсамай үйленгісі келеді. Қызметтердің бірінде ол бір қызды көріп, оған бірден ғашық болып, ойында үйлену жоспарын жасайды. Бірақ бір кеште оның ескі досы Видаль өзінің құрбысы, алайда ғашығы екені белгісіз Модтың үйіне шақырады, ал Мод Жан-Луидың өмірлік ұстанымдарын қирата бастайды. 

Эрик Ромердің «мораль» туралы 6 «ертегісінің» бірі — біздің жаңа жылдық классикамызға үміткер. Иә, мұнда дәстүрлі жаңа жылдық фильмдерге тән атрибуттар жоқ: Санта-Клаус та, эльфтер де, у-шу, отбасылық отырыстар да жоқтың қасы. Классикалық антураж үшін бірнеше минут қана көзге түсетін шырша мен сюжетке аса маңызды қар жауатын көрініс қана бар. Десе де фильм камерлік, оның 90%-ы бәсең дауысты диалогтардан тұрады, бұл жамылғыға оранған кейіпкерлердің қимыл-әрекетімен үйлесім тауып, ерекше жылу сыйлайды. Бұл жылы көріністе негізгі төрт кейіпкер арасында нағыз философиялық шайқас өрбиді. Бұл шайқас — таңдау, тағдырлар, Құдай және Паскаль туралы. 

Тіпті осы философиялық лабиринттерде адасып қалсаңыз да, фильм жас актерлер — Жан-Луи Тринтиньян, Франсуаза Фабиан және Мари-Кристин Барроның өз рөлдерін сомдауы, болашақта Голливудта аты шыққан оператор Нестор Альмендростың керемет қара-ақ интерьерлік түсірілімі және Cahiers du Cinema журналында сыншы болған Ромердің өзінің сүйікті америкалық комедияларынан алған жеңіл әзілінің арқасында жағымды әсер қалдырады.

Кино бағдарламаның ақпараттық серіктесі: ‘98mag

No items found.