Деректі кино: миф пе, әлде шындық па?

«Деректі кино: миф пе, әлде шындық па?» атты режиссер Игорь Гонопольскиймен кездесулер цикліне шақырамыз.
Цикл сегіз кездесуден тұрады, ұзақтығы — 2 сағат. Әр кездесуде Игорь Гонопольскийдің бір немесе бірнеше деректі картиналары көрсетіліп, режиссермен бірге талқыланады. Бұл — фильмді оның авторымен бірге тамашалап, түсірілім процессі қалай жүргенін, кейіпкерлермен қарым-қатынас қалай өрбігенін және адамға деген мұндай көзқарас неліктен режиссер үшін басты рөлде болғанын талқылауға таптырмас мүмкіндік.
Циклдің басты мақсаты — Қазақстан тарихындағы маңызды тұлғалар туралы баяндау. Бұл фильмдердегі кейіпкерлердің басым көбі өмірден өтті, алайда олар туралы естеліктер кинода жалғасын табуда. Игорь Гонопольский үшін деректі кино түсінігі негізгі. Оның ойынша, «дерек» сөзі фактімен тым тығыз байланысты, ал кино сондай-ақ жадпен, интонациямен, оқиғада адамның болуымен және бастысы — оның образымен де байланысты. Оның фильмдері уақыт өте келе жоғалып кетпеуге тиіс тағдырларды, дауыстар мен бейнелерді тірілтеді.
Бұл цикл Қазақстан мәдениеті мен тарихында маңызды рөл ойнаған атақты адамдарға жаңаша қарауды және режиссермен бірге деректі кино көркем кинодан несімен ерекшеленеді, онда адам образы қалай пайда болады және авторлық көзқарас мұнда неге маңызды екенін талқылауды ұсынады. Игорь Гонопольскийдің өзі атап өткендей, көркемдік — бұл жанр емес, сапа белгісі.
Игорь Маркcович Гонопольский — қазақстандық театр, кино және телевидение режиссері, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ КСР Кинематографистер одағының мүшесі, Еуразия кино және телевидение Академиясының академигі, Turan Film Academy қауымдастырылған профессоры. Оның фильмдері Мюнхен, Берлин, Сан-Себастьян, Сингапур, Мәскеу, Санкт-Петербург, Алматы, Екатеринбург және т.б қалаларда өткен халықаралық және өңірлік кинофестивальдерде ұсынылды.
Цикл бағдарламасы
9 мамыр, сенбі, 18:00
Алғашқы кездесу. «Эйзенштейн Алматыда»
Екінші кездесу бағдарламасы «Эйзенштейн Алматыда» фильмінің үш бөлімінен тұрады.
16 мамыр, сенбі, 18:00
Екінші кездесу. «Тағдыр сызығы» және «Мен адамдарға өтірік айтқан емеспін…»
Алғашқы кездесуде қатысушылар Игорь Гонопольский өз оқиғасына мойын бұратын «Тағдыр сызығы» фильмін, сондай-ақ Олжас Сүлейменов туралы «Мен адамдарға өтірік айтқан емеспін…» картинасын тамашалайды.
23 мамыр, сенбі, 18:00
Үшінші кездесу. Гүлфайрус Исмаилова және Евгений Сидоркин
Бұл кездесуде суретшілер — Гүлфайрус Исмаилова мен Евгений Сидоркинге арналған фильмдер көрсетіледі.
30 мамыр, сенбі, 18:00
Төртінші кездесу. «Аңыз тұлғаның портреті»
Төртінші кездесу Бибігүл Төлегенова туралы «Аңыз тұлғаның портреті» фильміне арналады.
6 маусым, сенбі, 18:00
Бесінші кездесу. «Өмір әуендері»
Бесінші кездесуде қатысушылар Әзірбайжан Мәмбетов пен Ғазиза Жұбановаға арналған «Өмір әуендері» фильмін тамашалайды.
13 маусым, сенбі, 18:00
Алтыншы кездесу. Павел Зальцман
Алтыншы кездесу суретші Павел Зальцманға арналады.
20 маусым, сенбі, 18:00
Жетінші кездесу. «Шал. Фильм туралы фильм» және «Даланың соңғы ханзадасы»
Жетінші кездесуде «Шал. Фильм туралы фильм» және Шоқан Уәлиханов туралы «Даланың соңғы ханзадасы» фильмдері көрсетіледі.
27 маусым, сенбі, 18:00
Сегізінші кездесу. «Тағдыр сызығы»
Циклдің қорытынды кездесуі Юрий Померанцев туралы «Тағдыр сызығы» фильміне арналады.
Бір кездесудің бағасы — 3 500 теңге. Барлық кездесу Алматыдағы Масаншы, 59 мекенжайында орналасқан Целинныйдың екінші қабатындағы Ателье білім беру кеңістігінде өтеді.