Роман жазу бойынша курс

04.07.2026-26.07.2026
Дәріс
Целинный

Бұл ағылшын тілінде өтетін курс қатысушыларды роман жазу негіздерімен таныстырып, төл жазу практикасын дамытуда алғашқы қадам жасауға көмектеседі. Біз оқиға қалай туындайтынын, баяндау қалай қалыптасатынын және қандай жағдайда идея біртіндеп толыққанды әдеби мәтінге айналатынын қарастырамыз. 

Алты кездесуде қатысушылар роман жазудың негізгі элементтері: Кейіпкердің Жолы, оқиға мен сахна құрылымдары, кейіпкер жасау, кикілжің, символизм және әдеби тәсілдермен жұмыс істеуді игереді. Курс сондай-ақ материалды бекітіп, жазуға іс жүзінде көмектесетін әртүрлі тәсілдерді меңгеруге түрткі болатын интерактивті жаттығулар мен талқыны қамтиды. 

Сабақ кестесі:

4 шілде — Идея және оқиға;

11 шілде — Оқиғаны құрастыру І: Кейіпкердің Жолы;

12 шілде — Оқиғаны құрастыру ІІ: Сахналар мен қосалқы оқиға желілері; 

18 шілде — Кейіпкерді жасау және дамыту;

25 шілде — Тіл, символизм және әдеби тәсілдер; 

26 шілде — Тақырып және жазушының жолы.

Спикер туралы: Жандос Әзербай — ақын және жазушы. Оның лақап атпен жазылған тұңғыш романы Launch Pad Prose Competition финалына жетіп, көркем және заманауи әдебиет аталымында Somerset Book Award жүлдесінің лоңг тізіміне енді. Оның өлеңдері The Fiddlehead және Rattle журналдарында жарияланған.

Іс-шара тілі: ағылшынша

Кім үшін: уоркшоп бастаушы авторлар мен әдебиетке қызығушылық танытатын әрі өзін жазу өнерінде сынап көргісі келетін жандарға арналады. 

Қатысу бағасы:

Бiр күндік лекция — 8 000 тг

Толық абонемент — 45 000 тг

No items found.