«Бақылау кеңістігі» — жасөспірімдерге арналған кино зертхана

10–14 жастағы жасөспірімдерді «Бақылау зертханасы» кино зертханасына шақырамыз.
Бұл — өзін кинода байқап көріп, қиялын дамытып, төл идеяларымен сенімді жұмыс істеп, визуалды оқиғаларды ойлап табу, түсіру және талқылауға қызығатын өз замандастарымен уақыт өткізуге арналған 8 сабақтан тұратын екі апталық бағдарлама.
Жасөспірімдер пікірлестерімен танысып, кино процессі барысында әртүрлі рөлдерді байқап көріп, болашақта оқуға түсу үшін де портфолиоға қосуға болатын ортақ фильм қатысушыларына айналады.
Сабақта қатысушылар кино тілінің негіздерімен танысып, нақты практикалық дағдыларға ие болады: кадрмен, композиция, жарық, түс, дыбыс және монтажбен жұмыс істеуді меңгеріп, актерлік жаттығуларды байқап көріп, видео түсіріп, дыбыс жазып, өз шешімдерін талқылап, аяқталған формаға түйінді шешімдерін жинақтайды. Зертхана қорытындысында топ ұжымдық фильм түсіріп, оны монтаждайды, сондай-ақ барлық қатысушыны «Целинный» заманауи мәдениет Орталығы сертификатпен марапаттайды.
Зертхана жүргізушілері — Малика Мұхамеджан және Лиза Попова.
Малика Мұхамеджан — режиссер, кинокуратор және ВГИК-ті «Көркем кино режиссурасы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Бес қысқа метрлі фильм түсірген, ал оның дебюттік толық метрлі Longer Than a Day фильмі Шанхай халықаралық кинофестивалінде ұсынылған. Өз жұмысында ол визуалды тіл, атмосфера және актерлермен жұмысқа ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ Алматыдағы Qyzqaras Film Festival негізін салушы.
Лиза Попова — режиссер, оператор және өнерпаз, ВГИК операторлық өнер факультетінің түлегі. Кино, фотография және видеомен жұмыс істейді. Оның фильмдері мен жобалары Venice Film Festival, Visions du Réel және DOK Leipzig есепке алғанда халықаралық кинофестивальдерге қатысқан.
Бағдарлама
30 маусым, сейсенбі — Танысу / 100 бейне
Кино, кескіндеме және фотографиядан алынған 100 бейнеге назар салып, олар қалай құрылымдалған, қандай эмоциялар, сезімдер мен ассоциациялар тудыратынын талқылаймыз. Мұқият қарауға, визуал образдарды талдауға және бейненің қалай жұмыс істейтінін нақты түсінуге үйренеміз.
1 шілде, сәрсенбі — Шөнбергтен Кандинскийге дейін/ Актерлік тренинг
Музыкалық туындыларды тыңдап, тыңдау барысында қиялда туындайтынды сурет қып саламыз. Кейін видеода да дәл сол әрекетті қайталап, музыка сүйемелдеуімен қысқа видео үзінділер түсіреміз. Сабақтың екінші бөлімінде актерлік тренингтің негіздерімен танысамыз: ойын жаттығулары және импровизация арқылы кадрдағы назармен, қиялмен, бақылаумен және бар болумен жұмыс істейміз.
2 шілде, бейсенбі — Бақылау практикасы / Сценариймен жұмыс
Қоршаған ортаны бақылау үшін саябаққа барып, ең қызықты детальдарды, жағдайлар мен күйді жазып алып, нобайын саламыз. Аталған бақылаулар негізінде болашақ фильмнің сценарийін жазып, сезімді киноматериалға айналдыруға үйренеміз.
3 шілде, жұма — Дыбыстық серуен / Видеосеруен
Целинныйдың ішінде және айналасында серуендеп, диктофонға ұнаған дыбыстарды жазып, дыбыстық монтаж негіздерімен танысамыз. Кейін қысқа видео үзінділер түсіріп, видеоны монтаждаудың негізгі қағидаларын талдаймыз.
Демалыс күніне арналған үй тапсырмасы
Бірінші серуендегі дыбыс пен екінші серуендегі видеоны пайдаланып, кез келген қолжетімді қосымшада минуттық роликті монтаждаймыз.
7 шілде, сейсенбі — Үй тапсырмасын тамашалаймыз / Ұжымдық фильм түсіреміз
Түсірілген жұмыстарды тамашалап, оларды бірге талқылап, ұжымдық фильм сценарийін бірге дамытамыз. Бұл сабақ барлық табылған идеяны ортақ құрылымға жинақтап, түсірілімге дайындалуға көмектеседі.
8 шілде, сәрсенбі — Фильм түсіреміз
Жазылған сценарий бойынша жұмыс істейміз, топ ішінде міндеттерді бөліп, ұжымдық фильм түсіреміз. Жасөспірімдер өздерін шынайы түсірілім процессінде сынап көріп, команданың алаңда қалай жұмыс істейтінін көреді.
9 шілде, бейсенбі — Фильмді монтаждаймыз
Түсірілген материалды жинап, құрылым, ырғақ және сахналардың сабақтастығымен жұмыс істейміз. Аталған сабақ фильм қалай біртұтас туындыға айналатынына арналған.
10 шілде, жұма — Фильмді аяқтап, нәтижесін тамашалаймыз
Монтажды қорытындылап, фильмді көрсетілімге дайындаймыз, оны бірге тамашалап, жұмыстың қорытындысын талқылаймыз. Бұл циклдің соңғы кездесуі әрі топтың алғашқы жаттығулардан дайын фильмге дейін жүріп өткен жолына көз жүгіртуге таптырмас мүмкіндік.
Барлық күні сабақтар 11:00-ден 16:00-ге дейін өтеді. Әр күн сайын Масаншы көшесі, 59 мекенжайында орналасқан Целинныйдың екінші қабатындағы Ателье білім беру кеңістігінде жиналамыз. Бұл жерде сабақ басталып, тәмамдалады, сондай-ақ курс бағдарламасына қалада серуендеу және ғимараттан тыс практикалық сабақтар кіреді.
Түсте бір сағат түстенуге арналады. Қатысушыларға арналған түскі ас курстың бағасына кіреді. Егер баланың аллергия немесе вегетариандық рацион сынды айрықша тамақ талғауы немесе шектеулері болса, бұл туралы ертерек learning@tselinny.org поштасына жазуыңызды сұраймыз. Басқа да қосымша сұрақтар бойынша да аталған поштаға жазуға болады.
Курс бағасы — 159 000 теңге. Курс орыс тілінде өтеді.Билет сатып алу сілтемесі.